Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107529. Жазылғандар — 102323. Қайтыс болғандар — 1699
Жаңалықтар 2744 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 11:07

ЯВЛИНСКИЙ - РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР

"Яблоко" жетекшісі Григорий Явлинский Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысады.

Партияның негізін қалаушы әрі оның Федералды саяси кеңесінің басшысы осыған орай өткен съезде, елдің дамуына ең алдымен адамдардың билікке сенбеуі мен көңілі қалуы кедергі болатынын, осындай жағдайда "маргиналдардың айы оңынан туатынын" мәлімдеді.

Жиында сөйлеген тәуелсіз саясаткерлер Владимир Рыжков Явлинскийді демократиялық күштер атынан президент сайлауына түсетін ортақ үміткер есебінде таңдауды ұсынды.

Мемлекеттік Думаның депутаты Дмитрий Гудков та алдағы президент сайлауында Явлинскийді қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір