Жексенбі, 4 Желтоқсан 2022
Мәйекті 15624 3 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 10:44

ЗІКІРИЯНЫҢ «ШЕЙХЫ» ҚҰРБАНӘЛІ ИШАН ДЕГЕН КІМ?

Біз алдыңғы бөлімде, Құрбаналы Ахметовтың Құранды бұрмалаған 8 мысалын келтіріп, дәлелдерін жаздық. Бұл біреулер ойлап отырғандай менің талдауым, менің зерттеуім, менің жазбам емес. Сараптау иесі «Қазақ рудағы» Қара ишанға хат жазған Серік Әбенұлы. Сол мақалаға Зікірия ағамыз пікір қалдырып:  «Мен Құрбанәлі шайхпен теңесетін кіммін? Сопы емеспін, ол кісі жеткен дәрежеге жете алғаным жоқ. Сонда да болса, маған соншалықты құрмет көрсеткеніңе ризамын. Құдайдан қайтсын» депті. Ағамыздың рахметіне рахмет. Біз Зікірия ағамыздың рахметімен қанаттанып, қуаттанып, ол кісінің шайхы туралы мақаламызды одан ары жалғаймыз.

ІІ-БӨЛІМ

(Басы «Абай кз» сайтының http://abai.kz/post/view?id=6884 парағында).

ХІІІ-тарау. Талғамсыздық тамыры бұларға бұрыннан тән ба?

9) Құрбанәлі өз уағыздарында ылғи да Уаһабилердің қателіктерін айта жүреді. Бұл өте құптарлық замана талабына сай мәселе, игілікті іс. Бірақ, «Хақ жолы» газетінде уаһабистердің мақалалары қайдан жүр? Сол 2007- жылғы 13-ақпандағы (Хақ жолының) №3-санында Юсуф Қардауидің мақаласы жүр. Анау – мынау емес, тура теріс жолға үндейтін «наставление». Негізі Юсуф Қардауиді бүкіл елдің сунниттері уаһабист әрі хизбуттарды қолдаушы деп жар салуда. Оның уағыздары мен пәтуаларының терістігін айтып, ғаламторда оның кітаптарымен суреттерінің беттеріне қызыл сиямен сызып крест қойып тастаған. Юсуф Қардауи өз патуаларында минимаркеттерде спиртті ішімдіктер сатуға, шошқаның майы бір пайыздан аспаса колбасаны пайдалануға, тұздаған шошқаның саласын жеуге болады, кәпірлер тозақта мәңгі қалмайды, оларда тозақтан бір күні шығып жұмаққа кіреді деген Құран сөздеріне тікелей қарсы, үлкен күнәларды дұрыс деп үкім шығарған адам. Сол адамның шариғат – уағыздары тақуа да, сопылардың газеттерінде қайдан адасып жүр. Құрбанәлі шайхтары не қарап отыр. Мұнда мұндай мақаланы а) не білместіктен; ә) не қасақана жариялауы; б) не болмаса оның үкімдері бұлардың көңілдерінен шығуынан болуы да мүмкін. Турасын Алла біледі. Дейтұрғанмен "Хақ жолы! газетінде мұндай мақаланың шығуы көзге түрпідей тиетіні анық(Өкінішке орай бүгінгі таңда да Құрбаналы Ахметовтың де, оның Фейсбуктегі жарапазаншыларының да бұндай мәліметтерге құмарлығы мен талғамай тұтынатыны ақиат.).

 

ХІҮ- Құрбаналы мен Серік Әбенұлының сұқбаты.

10) Бір мәжілістес болғанымда Құрбанәлі мынадай сұрақтарыма төмендегідей жауап беріп еді. Өз сөзінің дұрыстығына сенсе елдің алдында ұялмаса керек.

Бірінші сұрақ:  Құрандағы «Аллаһу ғарши истиуа» деген аятқа Құрбанәлі: «Аллаһу тағала жоғары көтеріліп бәрінен биік шығып тұр. Бірақ, ол қандай жоғары екенін ешкім білмейді»-деп жауап берген болатын.
Бірінші сұрақтың жауабы: Уаһабилерде дәл осылайша бұл аятқа «Аллаһ аршы ағлаға көтеріліп кеткен» деп мағына береді. Мұндағы Құрбанәлінің сөзіндегі парқы «Ол қандай жоғары екенін ешкім білмейді» деген сөзі «Аллаһ мекен жайға мұқтаж емес» дегенді білдіретін шығар деп жақсылыққа жориын. Деп айтсам да, бұл пікірлердің екеуінің де дұрыс еместігін айтып, ескерте кетейін. 

Негізі истиуа сөзі араб тілінде 15 сөзді қамтиды.

1–Тамма, немесе иктимала

2 – Истиқама

3 – Зоһора

4 – Истиқарра

5 – Тасауа

6 – Жәләсә

7 – Надажа

8 – Мәлә ған иғужаж

9 – Иртифаға

10 – Қоһара

11 – Хафафза

12 – Абқа

13 – Истәулә

14 – Ғаләә

15 – Сайтора

Осы 15 сөздің ішіндегі «Қоһара, Хафаза, Абқа, Истаулә» деген сөздерді ғана Аллаһу тағаланың барлық кемшіліктен пәк болған есім сипаттарымен қосып айтуға рұқсат етіледі. Қоһара – барлық нәрсеге үстемдігі, Хафаза – Ол барлық нәрсені толық меңгеріп өз жадына алуы, Абқа – Оның барлығы ешқашан бітпейді, Истаулә - Барша нәрсені өз мүлкіне алуы.

Бұдан өзге – аяқтау, көтерілу, жеңу, қарар табу, бірдей болу, отыру, дайындау, түзулену, шығу, биікте болу, тиісу деген сөздерді бұл аятқа балама ретінде пайдалануға мүлде болмайды. Жаратушыны өзінің жаратқан заттарына ұқсату Аллаһты мақлұққа теңеп ислам дінінің негізгі шартына қарсы келумен бірдей.

Бірде Малик ибну Анас р.ғ. деген сахаба мешітте отырғанда мешітке бір кісі кіріп келді де Малик ибну Анастан «Ей Абдуллахтың әкесі, «Аррахман арышқа истиуа етті» деген аятта Алла қалай истиуа етті?" - деп сұрағанда Малик ибну Анас р.ғ. "Алланың истиуасы өзінің сипатына сай нәрсе, Сен Аллаһ қалай көтерілді деп сұрама. Сен бидағатшы адамсың",-деп ол адамды мешіттен шығарып жіберген. Осы риуаяттан да біздер истиуа мағынасына тереңдемеуіміздің керектігін аңғартады.Мұндайда суннит ғалымдарының истуаны мойындап, бірақ оның не екендігіне ой жүгіртпеуге бұйырғандығын ұмытпаған дұрыс. Құрбанәлі: «Аллаһу тағала жоғары көтеріліп бәрінен биік шығып тұр...» деп пәтуа беріп, Аллаға мекен сайлап отыр.

 

Екінші сұрақ: Құранда не үшін Аллаһ біз деп көпше түрде сөйлейтінін сұрағанымда Құрбанәлі: «"Иннә" - біз деген сөз Құранда 210 жерде бар. Бұл Аллаһтың жәрдемшілері адамдар, періштелер» деп жауап берді(Астафыралла!).
Екінші сұрақтың жауабы:  Ал егер, Құранда бүкіл әлемді, тіпті періштелер мен адамзатты жаратардың алдында да біз деп сөйлеген болса онда Аллаһтың біз дегені кім болады? Білместігін пайғамбарда с.ғ.с. білмеймін деуден арланбаған. Ешбір дәлелі жоқ нәрсеге білмеймін дей салса несі кетеді, Аллаһтың жәрдемшілері, яғни көмекшілері бар дегенше. Осы сөзімен ол Аллаға тікелей серік қосып отыр.

Үшінші сұрақ: Құрандағы ядуллаһ (Алланың қолы) – деген сөздің мағынасын сұрағанымда Құрбанәлі әуел баста Имам ағзамның Фиқһуль акбарынан «Алланың өзіне ғана лайықты қолы бар, оны ары қарай мағыналауға болмайды» деп жақсылап жауап беріп отырды да, ары қарай қайта бықсытып, «Адамдар Алланың қолы» деп бірдемелерді айтып дәлелдемек болды.

Үшінші сұрақтың жауабы:  Тахауидің ақида кітабында «Кімде-кім адамдардың бір сипатын Аллаһқа ұқсатса ол адам кәпір - болады» деген. Уаһһабилер әдетте Алланың өзіне лайықты анадай – мынадай қолы бар деп мағыналаушы еді, Құрбанәлінің күпірлігі олардан он есе асып түсті. Ол анау – мынауды қойып, адамдарды «Алланың қолы» деп үлкен күпірлікке кіріп кетті.Оның бұл сөзіне ешқандай тәпсір де, хадис те табылмасы анық. Керсінше, Аллаһу тағала құранда «Али Ғимран» сүресінің 7-аятында «Саған Аллаһ кітап (құранды) түсірді. Онда кітапқа негіз болған аса зор аяттар бар. Одан басқа тұспал аяттар да жоқ емес. Пиғылы дұрыс болмаған адамдар қыңыр тартып, алауыздық тудыру үшін сол бұлдыр аяттардың мағыналарына өздерінше түсінік береді. Ал оның мағынасы Аллаға аян. Білімпаздар: Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген аяттар дейді. Бұлай түсінетіндер тек парасатты жандар ғана» деп хабар берген. Осы аятқа байланысты сунниттер мұндай күмәнді тұспал аяттарға мағына берместен 
«бұған біздер де сендік деумен» шектелген. 

Төртінші сұрақ: (Құрбаналыдан) «Ияка нағбуду уа ияка настағин» – «Саған ғана құлшылық етіп, сенен ғана жәрдем тілейміз» деген аяттың мағынасын сұрағаным да «Бұл аятта тек аруақтар арқылы болады. Кімде-кім Аллаһқа тікелей шығамын десе кәпір болады. Аруақтың араласпайтын жері жоқ, оларсыз ешқандай іс бітпейді, тілекте қабыл болмайды. Періштелерді неге адамға сәжде қылдырды дей келе, Адам атаның да тілегі тек қана Мұхаммедтің құрметі үшін деп сұраған да ғана қабыл болды, Мұхаммедсіз тілек қабыл емес, аруақ арқылы тілек тілеу дұға – тілектің жалғыз бірегей түрі» деп жауап берді. Сондықтан Алладан тікелей сұрасаң тілегің қабыл болмайды, әрі кәпір боласың дегені. Одан әрі тағы да бірдемелерді түсіндірмек болып, мына дүниеде Аллаһ ешнәрсені өзі жасамайды, патшалар уәзір жұмсағандай халде»- деді.
Төртінші сұрақтың жауабы:  Бұл да теріс пікір. Құран тәпсірлеріндегі «Фатиха! сүресінің бұл аятына Құрбанәліге ұқсап мағына берген бір де бір тәпсір жоқ екенін кез-келген адам біледі. Сондай – ақ, сопылардың кез келген кітабын ашып оқып қарайтын болсаңыз «Тауасул, яғни біреудің құрметі үшін Аллладан тілек тілеу дұға-тілек жасаудың бір ғана түрі»-деп көрсетілген, бірегейі емес, тілек тілеудің біртүрі ғана екендігі айтылады. «Сияр шариф» оқыған адамдарға кезінде Ибраһимді ғ.с. отқа лақырғанда, Жүсіпті ғ.с. құдыққа тастағанда, Жүністі ғ.с. балық жұтқанда, Исмайылды ғ.с. құрбандыққа шаларда ешбірі де «Я Аллаһ, Мұхаммедтің құрметі үшін құтқара гөр?» деп тілемегендігі, керсінше бір Алладан тікелей сұрағандығын түсіндірудің керегі жоқ шығар деп ойлаймын. Тіпті, Ибраһимді ғ.с. отқа тастағанда періштелердің оған жаны ашып, жәрдем берейік деп айтқанында «маған жәрдем беретін тәңірім бар» деп, тек қана Алладан тілек тілеп оттың іші ол үшін гүлістанға айналған-ды. Сонда Бұл пайғамбарлар да Алладан сұрағандығы үшін күпірлік еткені ме? 

«Құдай деген құр қалмайды» деп адамдар «Алла» деп тілеп мұсылман болып жатса, «Алла деп тікелей тілесең Аллаға серік қосқан боласың» деп ортада серік қосуға ешқім жоқ жерде қай жақтан серік тауып алды екен Құрбанәлі. Қайта тасаууфты дұрыс жасауды білмесең тікелей ширкке кіріптар болатыныңды ұмытпағын. Ауыз өзімдікі деп дәйексіз сөйлей бермей, аздап болсада кітапқа жүгінсе қайтеді. 

Бесінші сұрақ: «Нақышбандыны «7 жыл бір тақияны әр бір ине шаншығанда 70000 рет таухид калимасын айтып отырып тоқыпты да 6 тозақты сол тақияға сатып алыпты» деген кітапта сөз бар екен, соны қалай түсіндіресіз?»-деп сұрағанымда: «Муһр Набууамен ия, сатып алған» деп жауап берді.

Бесінші сұрақтың жауабы: «Муһур набууасы» өз тәніне басылған Мұхаммед пайғамбардың с.ғ.с. өзі ата-анасына араша түсе алмапты. Сопы Аллаяр кітабында екі шәкіртін ақ киіп келіп, "Жәбрейілмін" деп сынаған бір шайх шәкірттеріне "Жәбрейіл Мұхаммедтен с.ғ.с. кейін ешкімге келмейтінін жазғанында оқымаған ба едіңдер" дегенін оқымаған адам сияқты ғой мынау Құрбанәліңіз. Олай болса бұл негізі жоқ әңгімені айтудың өзі ерсі. 

Алтыншы сұрақ: (Не себепті бұл кісі) Имам Ағзамды піріміз деп атайды. 

Алтыншы сұрақтың жауабы: Имам Ағзам р.ғ. Нақышбанидің тариқатында болған емес, бола да алмайды. Себебі, Имам ағзамның заманында сопы деген сөз әлі қалыптаспаған да еді. Имам ағзамның р.ғ тақуалығы дүйім елге аян. Алайда ол кісіні өзіне тарта бұрып еншілеуі дұрыс емес. Имам ағзамның «Соңғы екі жылым болмағанда бүкіл өткен өмірім бекер екен» деген сөзі оның ауыз екі айтқан сөзі де емес. Имам Кархи Имам ағзамды түсінде жұмақта тақтың үстінде отырғанын көріп, Имам ағзамнан естіген нәрсесі. Бір адамның көрген түсі шариғат үкіміне жарамайды. Оны алып сан құбылтудың керегі қанша? Имам Ағзамның соңғы екі жылы сенімі қатты сыналып, көп қиындықтарға ұшырап ақыр соңында сол сынақтың бірі оның күнәлі істерден алшақтаймын деп өмірден өткендігін естен шығармағанда дұрыс. 
Жетінші сұрақ: Қазақстанда «Нақышбанды мен Яссауй тариқаты қатар жүрген, қазіргі Яссауй сілсәләсіна қалай қарайсыз?» деп сұрағаным да «Исматулла елді бұзады» деп бір ауыз сөзбен қайырды.

Жетінші сұрақтың жауабы: Мен негізі Яссауй жолын сұраған едім, дейтұрғанмен өзінің сол Исматулладан ары кетпесе бері түспейтіні айтып жүрген шариғатынан көрініп ақ тұр(Құрбаналы Иассауия сілсәләсін Құрбаналы тек Исматулла деп ұққаны ма?).

Сегізінші сұрақ: Құрбанәлінің өзі және шәкірттері «мағрипті, яғни ақшам намазын Имам ағзам "кешіктіріп оқу керек" деп айтқан» деп айтады, шәкірттері де әлі күнге ақшамды кешіктіріп оқып, орзада ауызды да кешіктіріп ашады.

Сегізінші сұрақтың жауабы: Пайғамбарымыздың с.ғ.с. Хазіреті Омар р.ғ. жеткізген мына бір хадисінде «Ақшамды кешіктіріп оқымаса үмбеттеріме зауал келіп, бәлеге ұшырамас еді» дейді. Бұл хадистен біздер ақшамды кешіктіруге болмайтынын ұғамыз. Ал, имам Ағзамның р.ғ. мазхабының кітаптарында ақшамды күн бата салысымен оқуға шақырады. Мендегі Нақышбандының өз шәкіртінің өз қолымен жазып, нақышбандының мөрімен мөрленген бірнеше ғасырлық түптұсқа қолжазба кітабында «ақшам намазының уақыты күн батқаннан шапақ тарқағанша, ал шапақ дегеніміз ол қызыл шапақ» деп жазады. Имам ағзам пәтуалары да осы қызыл шапақ тарқағанша ақшам намазын оқып үлгеру керектігін айтады. Себебі, қызыл шапақтан 10 минуттан кейін нарық жұлдызы шығады. Ғұламаларымыз жұлдыз шыққанға қалған намаздың макрух уақытқа қалғанын ескертеді. Осы Нақышбандының кітабындағы ақшам туралы мәселені сол Құрбанәліге көрсеткен едім, бірақ ол Нақышбандының пәтуасын алмаған сияқты, себебі, оның шәкірттері әлікүнге ақшамды кешіктіріп, елден бөлініп намаз оқып, бөлектеніп кешітіріп ауыз ашуды әдетке айналдырған. 

Тоғызыншы сұрақ: Сопылардың көбі дерлік «Пірі жоқтың пірі шайтан» немесе «пірге қол беру, пірге тәубе ету уәжіб» деген сөзді жиі айтады. Осы сөзді Құрбанәлінің де шәкірттері де айтады. Енді бірде Алматыдағы "Рахат" телеарнасынан Құрбанәлінің «Пірге қол беру парыз» деп айтқанын бірнеше рет қайталап көрсетті. 

Тоғызыншы сұрақтың жауабы: Әуелі бұл сөздің төркіні қайдан шыққанын біліп алайық. Кімнен қалай жеткені белгісіз, қай хадис кітаптан алынғаны беймәлім кітаптың аты да, заты да көрсетілмеген. менде жатқан қолжазба бір кітапта «Кімнің шайхы болмаса оның шайхы шайтан екені рас», және «Кімнің шайхы болмаса оның діні жоқ екендігі рас» деген екі хадис жазылыпты. Осы хадисті Құрбанәлінің өз аузынан да естідім. Бірақ, мендегі кітапта шайх деген сөзге түсінік бере келе ол сөздің асыл мұрады «ұстаз» деп жазады.

«Науадируль фатауа» атты кітапта «Егер ұстаз шәкіртіне "Фатиха" сүресін айтқызса ұстаздан ілім үйрету ақысы түседі» деп айтылған. Мұндағы негізгі мағына ешқандай да пір емес, ұстаз деген сөз. Пір – деген негізі парсының ұстаз деген сөзі. Суфизмнің өзі пайғамбардан кейін 300 жылдан кейін жәйләп шыға бастаған жол.  Бұл хадиске әулиеге қол беру, пірге қол беру ұғымдары кейін келе қалып алған нәрсе. Сондықтан бұл хадис рас болғанның өзінде пір емес, ұстаз деген сөзді білдіреді. Ал парыз үкімі тек Құранмен бектіліп, Алланың бұйрығымен парыз етілетінін есте ұстасақ, парызды парыз емес деп, парыз еместі парыз деп Алланың атынан сөз айтса үлкен күпірлік болатынын кез келген кейуана қазақ біледі. 

Имам Қазы Зада рахметлі «210 фиқһ мәселесін, 900 аят тафсирін, 40 хадисті, насих – мансух, мағмул мен маудзуғті білетін адамды Шейх деп атаса болады» деп айтыпты.

Шайх Жунайд әл - Бағдади рахметлі «Егерде сен оң қолында құраны, сол қолында хадисі жоқ, аяғы фиқһ ілімінде болмаған сопыны көрсең шайтанды көрдім деп куәлік бере бер» деген. Олай болса айтар шариғаты Құран тәпсіріне қарсы келген, хадисі бұрмаланған, фиқһ іліміне табан тіреп тұрақтамай өз нәпсісіне еріп, өз қалауымен үкім шығаруға бейім адамның соңына еріп тақуамыз деп жолдан адасып, шайтанның азғыруына ермеңіздер, сопылыққа өтіп тақуалық іздеген ағайын!? . Сопы боламын деп сеніміңе селкеу түсіріп, сорлылықтың тұтқасынан ұстамағын.

ХІҮ-тарау. Шариғатсыз тарихат – тұл!  

 

Нужумиддин әл – Кубро: «Біреу ауада ұшып, теңіз бетінде жүріп кетіп бара жатса, от шайнап жатса, сондай кереметтер көрсеткенімен парыздан бір парызды мойындамаса не бір сүннетті тәрік етсе онда ол адам өтірікші, ал көрсеткен кереметі керемет емес, сиқыр деп біл» - деген.

«Бақара» сүресінің 48-аятында «Біреу үшін біреу күймейтін, біреуден шапағат күтілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын, біреудің біреуге көмегі тимейтін күн қиямет күні болатынын еске ұстап, содан қорқыңдар»-деп хабар берілген.

«Құрбанәлі зікір айтуды үйретіп еді, ендігі жерде оның айтқанын орындау маған уәжіп, оған қарсы келуге болмайды» деген теріс пікірден аулақ болыңыздар. Тариқат ілімінің талабы бойынша пір іздегенде әуелі оны шариғат іліміне салып жан-жақты түпкілікті сынап алуды керек ететінін есте ұста. Сопы Аллаярды оқып шықсаң да сол талаптардың бар екенін табасың. Сондықтан адамнан қорықпа, адамнан ұяламын деп ақыретте нәсіпсіз қалмағын. Адам қарайтын жүздер мен көздерге емес, Аллаһ қарайтын қалыбыңды таза ұста. Ақаиқатта Алладан қорқудан артық ілім жоқ. Адамнан қорыққан Алладан қорықпайды. Нақышбанди өз зікірін «Аллаһ» деп алған себебі де тақуалық себепті еді. «Лә иләһә» деген қалпымда уақыт – сәті жетіп жан беретін болсам «құдай жоқ» деген күйімде өліп кетуден қорқамын деп өз зікірінде тек «Аллаһ» деген Аллаһтың жалғыз исмани есімін айтуды жөн көрген. Сондай тақуалықтың шыңырау биігіне шыққан ұлы ұстаздың жолын былапыттап бұра тартқан Құрбанәлінің шариғатына елтімеңіздер.
(Құрбаналы) Рух мәселесінде християндардың Иса Масихты үштікке көтеріп күпірлік еткеніндей, Кришнайттарға ұқсап рух әртүрлі түрде кез-келген затқа ауысып көрінеді деген сөздерге ұқсайтын күпірлік сөздерді айтудан әсте аулақ болыңыздар. Нағыз тақуаларға бір түйір күмәнді нәрсені көргенде харамды көргендей қашпақ ләзім. «Біледі – біледі» дегенге дандайсып, «бояушы – бояушы» дегенге Құрбанәлі ұстазы Нақышбандының сақалын өз қалауынша бояпты. 

 

ХҮ-тарау. Серік Әбенұлының Құрбаналыға және оны дәріптеушілерге арнаған сөзі

 

Құрбанәлі аға! Биікке ұмтылған жақсы бірақ, одан құлаудың жаман екенін ұмытпаңыз.

"Кімде – кім ілімге сүйенбей пәтуа берсе, дайындапты орнын тозақтан" - деген Ибн Асакирдің риуаятында. "Құрбанәліні 100 жылда өмірге бір келетін ғалым"- деп жүрген адамдарға айтарым:

Бұрындары Құранның бір аятын дұрыс мағыналамағаны үшін ибн Рушдидің тамағына 300 грамм қорғасын ерітіліп құйылған. Махлұқта шайтаннан асқан ілімдар жоқ, асқанға бір тосқан бар. Құран мен хадисті өз көңіліне бұра тартқан адам ешқандай да ғалым емес, бұл нағыз бейқам надандардың ісі. Нақышбандының кітабында пайғамбардың с.ғ.с «Кім көп сөйлесе күнәсі көп болар. Кімнің күнәсі көп болса қалыбы өледі. Кімнің қалыбы өлсе тамұққа кіреді» - деген өте жақсы хадис айтады. Олай болса сол баяғы «діл байор, даст бакордан» - яғни, қолың күректе, жүрегің Аллада болған
нан артығы жоқ.

 "Каһф" сүресінің 103-104 аяттарында «Қылмыстары жағынан ең зиян тартатындардың кім екенін айтып берейін бе? Олар тіршілік дүниесінде істегендерінің бәрі жоққа шығарылған, бірақ, өздерін өте ізгі іс істедік – деп ойлайтындар» деп ескерткен.

Зікір айтып, қалыбың бүлкілдегенге мәз болып тақуамын деп жүріп, жүрегің таза, ниетің ақ бола тұра тура жолдан адасып кетуден қорқыңыздар. Бір сөзбен айтқанда «Құрбанәлі үндеп жүрген жолы Имам Ағзам, Матуриди, Тахауи, Нақышбандилердің ақидасы жолы емес».

 

ХҮІ-тарау. Құрбаналының бірінші кітабы туралы

 

Зиятханы бар, басқасы бар, Құрбаналы Сауд Арабиясында Қазақстандық құқық органдарынан қорқып, уаһһабиларды паналап жатқан кезде Зиятхан бауырым бар, басқалары бар «Құрбаналының кітабын шығарамыз» деп маған келді. Мен ол кезде олармен бірге дім, соны арқаланып оларға бірден қарсы болдым. Қатты-қатты сөйлеп тастадым. Бірақ олар мені тыңдамапты. Араға біраз уақыт салып, кітпты шығартып, маған олар Құрбаналының «Мазхаб мәнісі» деген кітабының 2 данасын әкеліп берді. Астафыралла. Кітаптың басқы бетінен-ақ жаным шошыды. Осыны оқып, біліп отырғандай Серік Әбенұлы «Дін-діңгектегі» сопылар парақшасына былай жазады:

 

Серік Әбенұлы: Жақында Құрбанәлі Ахмедтің «Мәзһаб мәнісі» атты былтырғы басылып шыққан кітабын оқып шықтым. Маркермен сызып оқыған екі жүз бетті кітабымның қателіктен қызыл шиқан болып кеткені мені қатты қынжылтты. Бұл 200 беттік кітапқа 2000 беттік жауап керек шығар... Әрине, оған жауап таба алса. Ауыздан шыққан сөз бен атылған оқтың орнына кірмейтінін ұмытапасақ шіркін! Осы кітапты оқып шыққаннан соң амалсыздан сізге хат жазуға тура келді.
Сондықтан да Құрбанәлі Ахмед ағаны амал жоқтан елді еліктірмесін, күпірлікке үндеп, құдайға серік қосуға себепші болмасын деген оймен «шатастырушы» деп ескертпекпін!

Қой терісін жамылған қасқырлардан деніңізді аулақ ұстап, шатастырушылардың тұзағына түсіп қалудан сақ болыңыздар! Ратбек қажы дін басқарып тұрған уақытта осы Құрбанәлінің толассыз күпірлігіне тиым салынып, біруақыттары өзбекстан асып, бас сауғалап кетіп еді, ендігі жерде қайта бас көтеріп, үлкен күшке айналып бара жатқан сыңайлы. Бұны ел болып тоқтатпасақ арты жақсылыққа әкелмейді. Олардың дербес діни бірлестігі және 20-30 дай мешіті барын, соңына ерген 1000 даған жамағаты жинала бастағанын, алға қойған мақсаты ел билігіне жету екендігін ескерсек, бұл мәселе атүсті қарай салатын мәселе емес. 

Құрметті тариқат жолындағы бауырлар! Махаббат толы жүрек кешірімді болады. Алланың сүйіспеншілігін табу үшін тырыс. Алланың сүйіспеншілігі үшін қызмет ет. Өзгелердің қабылдап, қабылдамауында сен туралы не ойлайтынында сенің не жұмысың бар? Бұл жалған дүниенің базарында сені мол табысқа жеткізетін бір сыйынатын тәңір ретінде Аллаһ саған жеткілікті емес пе? Алладан аларыңның қасында адамдардың беретіні неге татымақ?! Олай болса назарың мен көңіліңді адамдардан келетін рахметтерге емес, Алладан келетін жетістіктерге бұр!...     Автор: Ергебеков Серік Әбенұлы.

Бейтаныс кісі Серік Әбенұлы осылай хатын, сопымыз деп жүргендерге үндеуін аяқтайды.

 

ХҮІІ-тарау. Қара ишан мен Серк Әбенұлының Құрбаналы және тарихат туралы  хат алмасуы

Қазақ ру. Дін діңгек, Мен сопымын парақшасы.

Қара ишан (22-02-13 18:13) 

Ассаламуғалейкум мұсылман бауырлар және пірадарлар!
Ассаламуғалейекум Серік Әбенұлы! Серік бауырым, мен сіздің осында көрсеткен поштаңызға хат жолдап едім, жауап болмай жатыр. Ал, мына сұрақтарыңызға осы тақырыпта жауап бер десеңіз, ол қиындау болып тұр. Біздің ұлық ұстаздарымыздың бірі ибн Араби: "Халімізді түсінбейтіндер, кітабымызды оқымасын" деген екен. Оған себеп, Пайғамбарымызда с.ғ.с.: "Хикметті лайықты емес біреуге берсеңдер, зұлымдық жасаған боласыңдар"-деген. Мен бұл жерде бұрқыратып бір сыр жазамын, оны тек қана түсінетіндер ғана емес, түсінбейтіндер де оқиды. Ақыры, фитнаның бастау бұлағына айналамын. Сол сізге керек па? Егер сіз қаласаңыз, мен сізбен, сіз көтерген тақырыптың барлығы туралы да сұқбаттасуға даярмын. "Хақ жолы" газетінде кеткен қателік туралы қатты өкініштемін. Оңбай қателік кеткен екен. Бірақ ол тақсырдың кінасынан емес, сол тұстағы ауыс-түйістер салақтығы болса керек... Ғафу өтінемін.

 

Серік Әбенұлы (serik_aben@mail.ru 23-02-13 17:31)

Ассаламу ғалейкум Қара ишан бауырым!

Сізге Алланың рахметі болсын!

Сіздерге мен тек шариғат жүзінен сұрақ қойып едім, сыр ілімінен мүлде хабарым жоқ екендігін айтқанмын. Құраннан жауап болмайтыныдығын мен анық білемін, өзге жауапқа әзірге көңілім тоқтай қоймайтыны анық . Хикметті мен сияқты наданға айтамын деп қор қылмай ақ қойғаныңыз дұрыс болар(Бұл ол азаматтың сыпайылығы еді, артынан байқайсыздар. Әбдікәрәм).  Ал қателіктеріңізді мойындағаныңызға рахмет.

Кемшілігін мойындау да тақуалықпен парасыттылықтың белгісі деп білемін. Өзім қарапайым болғандықтан да болар бірнеше әулиелерді көз көріп, сұхпаттасып, ілімге бата алғаным да бар еді. Қоқандағы Ибрахимжан хазретте «ілімді бол» деп арнайы бата жасаған еді. Бірде артында намаз оқып, өзге әулиелерден көрген қасиеттерінен бірін де бұл кісіден көре алмадым, бұл Хазрет әшейін қаражаяу біреу екен деген ойдан арыла алмай кемістікті өзімнен емес сол кісіден іздеппін. Сонда ашуланып қасыма келіп бір кереметін көрсеткен. Кереметін көзіммен көріп әбден күлгенім бар еді. Содан назарына түсіп қалдым ба Ибрахимжан хазрет қайтыс болған түні қоштасуға келіпті. Бір бөлмеде аппақ сәлдемен шахид көйлек киіп келіп тұр екен. Артында табыт жатыр. Сәлем беріп, әңгімемді айтып жатырмын, айтып жатырмын ол кісі мақұлдап басын изеп тұр, бірақ сөйлемеді. Мұнысы несі, неге сөйлемеді десем азанда ол кісі осы түнде өмірден өтті деген хабар естідім(Сыр деген осы!!! Әбдікәрім). Міне енді ол кісінің орны ойсырап тұр... 

Қара ишан бауырым, менің почтама хат жазбай-ақ қойыңыз. Бұл мәселені әдейі халыққа көз қылып жазып едім. Сұхбатта болғыңыз келсе дұрыс деп тапқан сөздеріңізді осы өзіңіз арнаған бетке жазсаңыз екен? Менің елден жасыратын сырым жоқ.

Жер аман болсын! Жер үстіндегі ел аман болсын! Ел ішіндегі халық аман болсын! Сол халықтың көпшіліктің бірі өзіміз емес пе?! 
Сынап мінеу емес, қаласаңыз өзіңізді қызықтыратын мәселеде сұхпаттас ретінде пікір алысып қарайық.

Серік Әбенұлы. 

БҰДАН СОҢ БІРТАЛАЙ ҚҰРБАНАЛЫШЫЛДАР СЕРІК ӘБЕНҰЛЫНА ЖАБЫЛАДЫ. СЕРІКТІҢ ОЛАРҒА ЖАУАБЫ:

Серік Әбенұлы (serik_aben@mail.ru 05-03-13 16:08):

Уа, сопы бауырларым! 

Сөздің астарына түсінбесеңіздер, онда ашық сөзбен жазайын. Біріншіден айтарым, Мен Хазрет Ибрахимжандай керемет иесі болған адам ғана сопылықты басқарса екен деген едім, ондай кісінің артынан жаман сөз айтудан аулақпын. Жазғанымды дұрыстап оқып шықсаңыз «кемістікті өзімнен емес, сол кісіден іздеппін»деп өз қателігімді мойындадым «Ол кісінің орны ойсырап тұр» деп өкініш білдірдім емес пе? Ол кісі сопылық жолын басқарған бірнеше жылдар бойы ол жолдан жаман деген сөз ешкімнен естілмеп еді, әлі де солай болса екен деген жақсы тілектемін.
Екіншіден, сөзінің басын «Ей Серік!»деп бастаған, тариқаттың жолын шариғатсыз, тақуалықтың жолын әдепсіздікпен қоштаған, аты жөні жоқ кісінің «пітнәні шашып тастап не жатыс? кім тапсырыс берді саған ?» деген сұрағына айтарым: Мен елім деп еміренген, елімнің амандығы мен тыныштығы үшін өз қамымнан арымды жоғары қойған қазақтың қарадомалақ төл баласымын. Тасаууф, тауассул жолын мойындайтын қарапайым сүннит, имам Ағзам мазхабынанмын. Менің жазғандарым тариқат жолына емес бір кісіге ғана, Құрбанәліге ғана тиесілі. «Құрбанәлінің өкшесі қисық» дегенім жоқ, ол өз қалауынша өмір сүрсін. «Бірақ еңсесін көтере алмай жатқан елді тура жолдан адастырмасын, бүйректен сирақ шығарып, пітнәға себеп болмасын» деп едім. Кімде болса ел басқарғаннан соң елдікті ойлауы ләзім, ауыздан шыққан сөзге жауап беруге халық алдында міндетті. Себебі, оны қолдап, сенім артып отырған мыңдаған елдің тұрғындары бар. Ал сіздер тақсырларыңызды арашалап алғыларыңыз келсе, «дейді»-деген сөзге құмбыл болмай, нақты іске көшелік. Төменде жазған Құрбанәлінің айтқан сөздерінен кеткен қателіктерді діни бірлестіктеріңіз бар, ғалымдарыңыз бар түзетіп көріңіздер, әрине, шамаларыңыз келіп, өрелеріңіз жетсе жауап берулеріңіз бек мүмкін(АЗАМАТТЫҚ, ОТАНШЫЛДЫҚ, ИМАНДЫЛЫҚ деген осы ғой, енді ЗІКІРИЯ – УРАПАТРИОТПЕН САЛЫСТЫРЫП КӨРІҢІЗДЕР). Міне, сонда бұл әрекет пітнә емес, нақты ақиқатпен сауапқа айналады. Олай болса менде қарап жатпайын, Құрбанәлінің «Мәзхаб мәнісі» атты кітабын бастан аяқ толық шариғат көзқарасына сай кеткен қателіктерін осында жазып шығайын ал, сіздер жабылып соған нақты дәлелмен жауап беріп қараңыздар. Сөз соңында сіздерге жабылған жаладан біржола құтыласыздар, не біржола діни бірлестіктеріңіз жабылып, құрдымға келмеске кетері анық(Серіктің айтқаны келіп, ДБ құрдымға кетті).

Мен «көсіліп сөйле» деп сіздердің тілдеріңізден тартқаным жоқ, «бұл кім? ол не?» деп тыныш жатқан адамның ар намсын қоздатуға себепші болған тағыда өздеріңіз екендігін естеріңізге сала кетейін. Бұл сайттың мемлекеттің жіті бақылауында екенін ұмытпағайсыздар! Сондықтан айтарыңыз ақиқаттың сөзі болса беттеріңізді көлегейлемей ақ, есімдеріңізді ашып жазғандарыңыз құба құп болар. Менікі пітнә емес, Құрбанәлі тақсырларыңыздың айтқан сөздерінің бет пердесін ашып, өздеріңізге қайта қарап шығуға ұсыну ғана.

Үшіншіден, уаххабит, құраниттерді тілге тиек етіпсіздер. Оларды(Құранит, уахабиттерді) тізгіндеп отырған заң да, қателіктерін бетке басып айтып жүрген имамдар да жеткілікті. Дейтұрғанымен бұлар туралы да өзекті әңгіме қозғалса оларға да айтар сөзім жеткілікті. Құрбанәліні тілге тиек еткенім, оның әлі бет пердесі ашылмаған еді, соның себебінен ел тағыда дүрбелеңге ұшырамасын деген ой еді.

Шынтуайтына келгенде Уаххабистермен күресті имамдарда, құқық қорғаушыларда дұрыс жүргізіп отырған жоқ. Бар болғаны іс әрекеттерін, немесе бірер амалдарын ішінара уақытша ғана тоқтата тұруға көмегі тигені болмаса олардың көзқарастарын түбегейлі өзгертуге шамалары келмей жүр. Оған уахабшылардың кітаптарының елімізде еркін басылып шығып, таратылып жатқаны, күннен күнге найзағайдан кейінгі қаулап шыққан саңырауқұлақтай көбейіп жатқаны, ел тізгінін ұстағандардың біразінің соларға еріп кеткендігі, әр жерде оқтын-оқтын болып жатқан жарылыстар мен қақтығыстар нақты дәлел бола алады.

Мен уақытында 5000 дай арабқа 5 жыл имам да болған адаммын.
Нақты білетінім, оларды нақты дәлелмен тоқтата алмайсың. Жүз мәселені дәлелдеп, дұрыстығын мойындатқанмен бәрібір беті бері қарамайды. Себебі, сенімі ақидасы бөлек жандар. Осыдан шығатын қорытынды не? Олардың амалдарын емес, сенімдерін түзету қажет. Сонда ғана жастардың бетін кері қайтарып ала алатынымызға мен кепіл. Себебі, мен мұны басымнан өткізгенмін, жемісінде көрдім. Дінде көзін ашқалы мазхабшыларды ата жауындай жек көрген уахабшылардың көбі дерлік сенсеңіздер үш күнде «Маған мұндай уахабшылардың сеніміндей сенім керек емес, уахабшылардың кітаптары да, сенімдері де керек емес, куә болыңыз, біз мазхаб жолын қабылдадық» деп мазхаб жолына түсіп еді. Уахабшылардың барлығы бірдей террордың құралы деген одағай ойдан аулақ болыңыздар. Онда жүрген жастардың тоқсан пайызы дерлік Алланың шынайы ақиқат жолын іздеген адамдар, олар тек сол жолды тура деуімен ғана сол жолда адасып жүр. Сондықтан айтар дәлеліңіз нақты іліммен Уахабшылардың бет пердесін ашатын болса жастарды қайта бауырға басу оңайдың оңайы. Ол үшін әрине, екі тілді және екі сенімді де анық білу, әрі аражігін ажырата білу қажет. Тақырыптан ауытқып кеттім ау деймін, кешіріңіздер...
Қара Ишанға анадағы жазған хатымда осындай өзекті мәселелерді көтеріп жазып, ой қозғауға ұсыныс етіп едім. Дейтұрғанмен ол кісінің ахлағымен өзгелерінің ахлағы жер мен көктей сияқты. Асаләму әләйнә уа әлә ибадилләһйс солихин.

Әбдікәрім Әбдімомынов

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2260
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1103
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1295