Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3213 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 09:20

ПУТИНГЕ САНКЦИЯ САЛУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Кремль Еуропарламент депутаттарының Савченко ісіне бола Владимир Путинге санкция салуға керектігі туралы жариялаған үндеуіне жауап берді.  

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин ұшқышына қарсы сот толықтай Ресей заңдарына қатысты өтіп жатыр, оған әлдекімдердің араласуына жол берілмейді деп мәлімдеді.

Песков сол себептен де Савченкоға қатысты сот ісіне түсіктеме бермейтінін жеткізді. Савченконы Ресей азаматтарымен айырбастау жөнінде ұсыныс болды ма деген сұраққа, Песков бұл жәйттен хабарсыз екенін айтты.

Алдын Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Савченкоға қатысты келіссөз болмағанын және сот шешіміне дейін болмайтынын мәлімдеген.

Ростов облысындағы Донецк қалалық соты украниалық ұшқыш Надежда Савченкоға қатысты сот үкімін 21 наурызға белгіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1380
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1211
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 959
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1049