Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5736 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 12:38

ӨРЛЕУДЕГІ СЕМИНАРДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2016 жылдың  5 наурызы күні Алматы полиграфиялық колледжі базасында «Білім беру ұйымы қызметінің сапасын бағалау: КРИТЕРИЙЛЕР мен ДЕСКРИПТОРЛАР» атты бірлескен облыстық семинар  өтті.

Семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдары қызметін критериалды бағалау жүйесін пайдалану негізінде білім беру сапасын арттыру үшін жағдай жасау. Семинар барысында ішкі бақылау процедураларының нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру мәселелерінің талдау қорытындылары көрсетіліп, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау мен мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде білім беру қызметінің сапасын бағалаудағы критерийлер мен дескрипторлардың артықшылықтарын түсіндіру және білім сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар әзірленеді.

Семинардың теориялық бөлімінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Досматова Салтанат Жұманқызы «Ішкі бақылау процедураларының нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру мәселелерін талдау» тақырыбында баяндама жасады. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат Жұманқызы: «Бүгінгі біздің семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастыруымыздың басты себебі 2015 жылдың талдау нәтижесі болып отыр. Жалпы мақсатымыз бір. Ол білімді болашақ ұрпақ. Білімді ұрпақ – еліміздің ертеңі. Қазір сіздердің назарларыңызға ұсынылатын мәліметтерді саралай отырып өз қателіктерімізді түзеуге талпыныс жасауымыз қажет. 2015 жылы Алматы облысы бойынша 195 білім беру мекемелерінде аттестациялау жүргізілді. Нәтижесінде 141 мекеме, яғни, 72,3 % өтпеді»,- деп талдау нәтижелерімен таныстырды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры  Дюсебаев Ханат Әлімжанұлы «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру ерекшеліктері» атты баяндамасы арқылы семинарға қатысушыларды институт қызметімен таныстыра отырып, педагог кадрларды даярлаудың жауапкершілігі жоғары жұмыс екендігін қадап айтты.

 Семинар жұмысының соңында белсенділігімен көзге түскен қатысушылар алғыс хат, сертификаттармен марапатталды.

 

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

 бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 «Қоғаммен байланыс және баспа қызметі» бөлімінің бас маманы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2126
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2535
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2275
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1642