Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 5117 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 10:27

САЙЛАУ БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП СТУДЕНТТЕРДІ "ҚУАЛАП" ЖАТЫР?

Біз университетте оқып жүрген жылдары 16 желтоқсан қарсаңында студенттерді ауылға қуалайтын «дәстүр» бар еді. Жастардан қорыққан секемшіл биліктің «бұйрығын» орындамай, «барар жер басар тауымыз жоқ» деп жатақханадан кетпей қоятынбыз. Жатақхананың аузында бір мұғаліміміз кезекшілікке тұрып, біз секілді «бұйрыққа бағынбайтындардың» қайда барып, қайдан келетінін жазып алатын. Енді осы «дәстүр» сайлау алдында да «қолданыла» бастапты.

Мен қазір Алматыдан отыз шақырым жерде, ауылда тұрамын. Екі-үш күн болды, телефонда тынымдық жоқ. Туыстарымның балалары, бауырларым, балдыздарым: «Аға, сайлауға орай демалыс беріп еді. Бір-екі күнге ауылға шапқылағанша, сіздердікіне бара салсақ деп едік» дейді. Қазақ қонақ келсе қуанабай ма?. «Келіңдер» дейміз қуанып...

Енді міне, бүгіннен бастап, менің екі бөлмелі үйім студенттер жатақханасына айналады.

Бауырлардың басын қосар сайлауға мың рахмет. Десе де, мен біздің биліктің кейбір қылығын түсіне алмаймын. Білім іздеп, Алматыға келген сол жастарды он күн бұрын Алматыдан қуып, үрейленетіндей не бастарына күн туды. Сол студенттердің денінің тіркелген жері – жатақхана. Яғни, олар дауысты сол университеттің жанындағы сайлау учаскесінен беруі тиіс. Ауылға кеткен жастар сонда сайлауға қалай қатыспақ? Олардың даусы маңызды емес пе? Оларды кейбір оқу орындары дауыс беру құқығынан айырып отырған жоқ па?

Тағы да өзімнің студент кезім есіме түседі. Сайлау күні таң атпай жатақханаларды аралап, топ-тобымызмен мал қайырғандай қайырып, дауыс беруге апаратын. Мен сияқтылар баяғы қыңыр мінезімізге салып (сайлаудың әділдігіне деген сеніміміз аз еді), бармай қоюшы едік. Кешкісін достарымыз келіп: «Сендердің аттарыңмен біз дауыс бердік» деп келетін.

Осы оқиға есіме түсіп, Алматыдан қуаланған студенттердің даусы қай партияға берілетінін күні бұрын болжап қойдым.

Біз қандай демократиялы елміз!

Жаса, ТӘУЕЛСІЗДІК!  

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609