Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 19599 3 пікір 23 Наурыз, 2016 сағат 18:08

БЛОГ – НЕ, БЛОГЕР – КІМ?

 

Жалпы анықтамасы өте қарапайым әрі түсінікті: блог – онлайн күнделік. Блогер – күнделік жүргізуші. Әдеттегі күнделіктен айырмасы – жариялылығы. Бірақ, қазіргі блог, блогер деген түсінік бұл анықтама шеңберіне сыймайды. Түпкілікті әрі нақты анықтама беру қиын. Өйткені, ең басты мәселесе біздегі блог, блогердің дегеннің түсініксіздігі.

wordpress блогплатформасы

Әуелде әртүрлі мамандық иелері, негізінен жастар  wordpress блогплатформасында блог ашып, жүргізе бастады. Уақыт өте келе, бұл онлайн ортаға айналып, жастардың алаңына айналды. Сөйтіп, блогерлер Алматыда бірінші кездесулерін өткізді. Бұл – жастардың араласуына, бір-бірін тануына, өз ойларын, қызығушылықтарын ортаға салып, талқылауына қолайлы орай болды. Кейіннен бұл алаңға діни топтар да кіріп, ақыры wordpress жабылды. Сөйтіп, блогерлер басқа платформаларға көше бастады.

Әлеуметтік желі

Кейін әлеуметтік желілер оның ішінде фейсбуктің қолданыс аясы кең тараған кезде блог деген не, блогер деген кім деген нәрсе түсініксіз болып кетті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бәрін блогер деуге келмейді. Ендеше, қазіргі блогер кім, блог не – жауап беру қиын.

Аймақтар және блогерлер

Бірақ, өздерін «блогерлер» дейтін топты аймақтық және орталық билік олардың интернеттегі белсенділіктеріне қарап, пайдалана бастады. Яғни, блогтурлар ұйымдастыру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетудің арзан әрі қолжетімді жолына айналдырды. Және блогқұрылтайлар өткізе бастады. Бұл да жергілікті билік жұмысының жарнамасына таптырмайтын тәсіл. Ең бастысы, арзан. Баға мәселесінде блогтурлар мен блогқұрылтайларға жергілікті бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні, ол қалай жұмсалатыны, қаражаттың қаншалықты ақталатыны белгісіз. Ал, блогерлер жұмысының бар нәтижесі әлеуметтік желі лентасын суреттер, қысқа жазбалармен толтыру әрі көптеп бөлісу.

 

Блогқұрылтайлар

 

Ал, блогқұрылтай не үшін, қандай мақсатта ұйымдастырылатыны түсініксіз. Біздің білуімізше, басты нәрсе аймақ жарнамасы болса керек. Құрылтайдың алдында қойған белгілі бір нақты мақсатында көру қиын. Мәселен, осы күндері Таразда өтіп жатқан блогқұрылтайда сөз болып, талқыланып жатқан дүниелерге қарасаңыз, маңызды ешнәрсе көре алмайсыз. Яғни, құрылтайдың өзі сияқты оның мазмұны да түсініксіз.

Діни топтар және блогерлер

О бастан теріс ағымдағы діни топтар өз идеологияларын таратудың төте жолы ретінде интернетті, әлеуметтік желіні, түрлі блогплатформаларды жақсы пайдаланып келеді. Олар блогқұрылтайларда да бой көрсетеді. Блогқұрылтайларға көбіне әдетте, қазақ баспасөзін келеке етіп, өздерін дәстүрлі баспасөзге бәсеке көретін, интернет қолдану тәртібі мен этикасын сақтай бермейтін жастар қатысатынын ескерсек, бұл діни ағымдарға қатарын көбейтудің төте жолы. Әрине, қатысушылардың дені сондай адамдар деуге болмайды. Олардың ішінде журналисттер де бар. Көптеген діни сайттар бұғатталғаннан бері әлеуметтік желілер мен блогтұғылар да діни пиығылын жасырған қолданушылар көбейді. Әрі олар блогерлердің де арасында баршылық. Әдетте, олар әсіребилікшіл, әсіремемлекетшіл болып көрінеді. Бір айта кетерлігі, кейінгі жылдардағы блогқұрылтайды өткізуді діни топтар қолға ала бастағандай...

 

Ақша, тауар және блогер

Облыстар блогқрылтай арқылы өз жұмыстарын көрсетуге тырысса, бизнес саласы да блогерлер арқылы тауар жарнамасын жасауға тырысады. Бірақ, бизнес өкілдері, компаниялар орыс тілінде жазатын блогерлердің қызметіне көп жүгінеді. Ал, қазақ тілді блогер әзірге биліктің тапсырысын орындаудан әріге бара алмай отыр.

Бұл жерде қазақ блогерлері интернет кәсіп жасауға талпынып жүргенінде айтқан жөн. Бірақ, олар веб-сайт жасау, жүргізу және интернеттің жаңа дүниелерін үйрету тренингтерімен ғана шектеліп отыр.

Орыс және қазақ тіліндегі блогерлердің айырмашылығы баршылық. Мәселен, орыс тілді блогерлер компаниялардың үлкен жобаларын насихаттайды әрі блогнасихатты дәстүрлі баспасөзбен шендестірмейді. Ал, қазақ блогерлері көп жағдайда журналисттермен «жағаласқанды» әрі оларға интернет қолдануда «ұстаз» болғысы келіп, қалай да жеке тұлғасын көрсетуді көбірек көздейді.

 

Түйін

Қорыта келгенде, блог – интернет құрал. Ал, қазіргі блогерлер ұсақ-түйек дүние жазудан аса алмай отыр. Блогқұрылтай ол – биліктің интернет құралды өз қызметі мен жұмысына пайдалануы деуге болады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1394
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1221
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1057