Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Деп жатыр 6694 1 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 11:43

"ДІНДАРЛАР" NINETY ONE ТОБЫН САТАНИЗМДІ ЖАСЫРЫН ЖАРНАМАЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАДЫ

Аз ғана уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болған Ninety One тобын талқыламаған орта елімізде қалмаған болар. Біреулер оларды гей деп айыптап жатса, екіншілері заманауи өнерді дамытушы жаңа толқын деп бағалады. Бұл туралы «sn.kz» порталы жазады.

Ал, соңғы бірнеше күннен бері ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Namys TV деп аталатын діни топ Ninety One әншілерінің сатанизм сектасына қатысы барын айтып, дәлелдеумен әлек.

Ендеше, "діндарлар" не дейді, соған назар салып көрсек. Сөздеріне дәлел ретінде олар "Айыптама" бейнеклипін алыпты. Клиптегі декорация түсініксіз белгілерге толы. Бір көрген адам оған расымен де мән бермеуі мүмкін. Алайда, анықтап қарағанда әлгі белгілердің арасынан сатанизмнің, масондардың символдарын аңғаруға болады. Мәселен...

"Барлығын көруші" (Всевидящее око) - Әлемнің ұлы архитекторын бейнелейтін масондық символ. Бұл белгіні "Айыптама" бейнеклипіндегі декорацияның бірнеше жерінен аңғаруға болады.

Сонымен қатар, әншілердің бірі өз қолына екіге бөлінген пирамиданы бейнелеген. Бұл да сол масондық символға қатты ұқсас.

Ал, топтың тағы бір әншісі сырт киімінің арқа тұсына қызыл бояумен салынған бесжұлызды бейнелеген. Бәлкім сәйкестік болар, бірақ бұл сатанизм сектасының символына қатты ұқсайды.

Естеріңізге салайық, жуырда отандық ток-шоулардың біріне шығып, шәкірттерін қорғаған топ жетекшісі Ерболат Беделхан өздері таңдаған стильдің Q-pop деп аталатынын мәлімдеді. Айтуынша, Ninety One әншілерінің гомосексуалдарға еш қатысы жоқ, олар тек оңтүстіккорейлік ән топтарына еліктейтін көрінеді.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар