Бейсенбі, 18 Тамыз 2022
Жаңалықтар 3904 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 15:00

ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНҰЛЫНЫҢ АВТОРЛЫҚ САЙТЫ АШЫЛДЫ

Белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлының авторлық сайты ашылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Бұл туралы жазушының ұлы Дәулет Дидахметұлы өзінің Facebook әлеуметтік желісінде мәлім етті.

"Бүгін мен үшін үлкен қуанышты күн! Әкеміздің сайты ашылды https://didahmet.kz/main!

Әкеміз бұл фәниден қоштасса да, жеке сайты Сіздермен әрқашан бірге болмақ! Бұл жерде әкеміздің фото-видеосы және өмір бойы жазылған еңбектері топтастырылған. 
Айта кетерлік жәйт - сайтты әлі толтыра түспекпіз. Әкеміздің көп еңбектері әлі ішіне енбеген, бірақ бұның бәрі уақыт еншісінде"- дейді Дәулет Әшімхан. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2759
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2128
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1799
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2893