Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 11062 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 10:55

"91" ТОБЫНЫҢ ТАРАЙТЫНЫ РАС ПА?

"Ninety one" тобы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына келіп, топ төңірегіндегі түрлі қауесеттерге нүкте қойды, деп хабарлайды Baistars.kz. Ең алдымен, жігіттер өздерінің ешқандай көгілдір емес екендерін айтты: "Біз - еркекпіз!" деп қысқа қайырды жігіттер. Сонымен қатар, жұрттың оларды массондар сияқты түрлі ұйымдардың мүшесі деген қауесетті де жоққа шығарды. "Бізді түрлі қараңғы дүниелердің ішіне кірігізіп жатыр, олардың мүлдем бізге қатысы жоқ" - деп жауап берді топ рэпері Дулат Мұхаметқалиев.

Ал соңғы кездері халық арасында "Ninety one" тобы тарайды деген қауесет топ әншілерін қатты таңғалдырған көрінеді. "Бізді топтан кетеді деген сөзді естіп қалдық, бұл да өтірік, біз ешқайда кетпейміз. Халық арасында "91" жайлы айтсақ қызық болады деген тенденция жүріп жатқан сияқты" - деді топ мүшелері.

Айта кетейік, бұған дейін топ продюсері Ерболат Беделхан "91" сахнада роль ойнап жүр деген болатын.

Abai.kz

0 пікір