Дүйсенбі, 6 Желтоқсан 2021
Жаңалықтар 3367 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 11:06

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНДА АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСШЫСЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Астана әуежайында жүрек талмасынан қайтыс болған 55 жастағы Янг Джинлин Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры болып шықты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Ұжымдастары Янг Джинлиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. "Ұжымдастары Джинлинді дарынды әрі тәжірибелі басшы ғана емес, жақсы, ашық адам ретінде де еске алады", - деді Азия даму банкінің президенті Такехико Накао.

Қытай Халық Республикасының азаматы Янг Джинлин АДБ-де 2011 жылдан бастап жұмыс істеген. Оның басшылығымен Қазақстан экономикасының секторларында түрлі жоба жүзеге асырылды.

Еске салайық, 27 наурыз күні таңертең Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының денесі табылған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір