Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Қоңырау 4196 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 15:42

МӘСІМОВ АРМЕНИЯҒА БАРУДАН БАС ТАРТТЫ

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 8 сәуірде Ереванда жоспарланған Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері үкімет басшыларының кездесуіне бармайды деп хабарлады премьер-министр кеңсесінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Думан Хамит әзірге сапардан бас тартудың себебін айта алмайтынын білдірді. 5 сәуірде ресейлік ақпарат құралдары ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің саммиті кейінге қалдырылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Ресей үкіметі ресми сайтының 5 сәуірдегі хабарына қарағанда, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Армения премьер-министрі Овик Абраамянмен сөйлесіп, жоспар бойынша 7-8 сәуірде Арменияға баратынын нақтылаған. Бұған қоса Медведевтің 8 сәуір күні Армениядан соң Әзербайжанға баратыны айтылған.

Медведев сонымен қатар Абраамянмен Қазақстанның Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысын келесі аптада Мәскеуде өткізу ұсынысын талқылаған.

ЕАЭО-ға Қазақстан,  Ресей,  Беларусь, Қырғызстан және Армения елдері мүше.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1097