Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Қоғам 5466 0 пікір 7 Сәуір, 2016 сағат 16:07

ДЕПУТАТТАРДЫ ДЕМАЛДЫРУҒА 5 ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ЖАЛДАНҒАН

Астанадағы  «қаңғыбас» депутаттар  5 жұлдызды Пекин Палас қонақ үйінде күніне 120 мың теңге төлеп тұрып жатыр деген ақпарат ел ішінде қызу-талқыға түсіп жатыр. 


Ол үшін мемлекетіміз қазынадан 169 713 392,86  теңге бөліп,  тендер жариялап, оны әлгі Қытай қонақ үйі ұтып алыпты. ҚР Парламентінің шаруашылық басқармасы депутаттарға арналған мемлекеттік тұрғын үй қорын «жаңа депутаттарға» үлестіргенге дейін осындай уақытша қадамға барған.

ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Бақәділ Қонқашев мырза мемлекеттік тендерді «Солакс» компаниясы ұтып алғанын айтқан.

Сайлау додасында дауыс жинаймыз деп шаршап қалған депутаттарды демалдыру үшін әлгі Қытай қонақ үйі 3,5 пайыздық жеңілдік ұсынған. Енді су жаңа депутаттар Soluxe Astana (Beijing Palace) қонақ үйіне жайғасады екен.

Әуелде бұл «фейк» ақпарат болуы мүмкін дегенімізбен, ақиқаты осы болды. Жаңадан сайланған, Астанадан әзірге баспана тие қоймаған депутаттар мемлекет бюджетінен күніне 120 мың теңге жамбас пұл төлетіп осы қонақ үйде жатыр. Қонақүйінің аты басқа емес, Пекин деп аталады.

Бұл ақпаратты Коммунистік партия депутаты Айқын Қоңыров мырза да растап, «Bnews.kz-ке» сұхбат беріпті.

«Мен өз пәтерімді тапсырған жоқпын, қазір де сол үш бөлмелі пәтерде тұрып жатырмын. Жаңа келген депутаттардың пәтерлері дайын болған соң олар сонда көшеді. Біздің фракциядан (Қазақстан халықтық коммунистік партиясы – авт.ескертпесі) Ирина Смирнова қонақ үйге орналасты. Өзгелері осында қалада тұрады», - дейді бұған дейінгі шақырылымда депутат болған Айқын Қоңыров.

Сонымен жап-жаңа депутаттардың қазір тұрып жатқан жерін біз де қарап көрдік.

Ең бастысы депутаттардың ас мәзірі де «супер» екен. Мысалы бұл қонақ үйде бір адамға арналған түстік астынң орташа бағасы 5100 теңгеден 15 000 теңгеге дейін жетеді екен. Қонақ үйдің 23- қабатындағы айналмалы мейрамханада тамақ ішіп отырып, жаңа сайланған депутаттар Елорданың тыныс-тіршілігімен таныса алады екен.

Бұл 5 жұлдызды отель Астананың қақ ортасында орналасқан. Отель фасады қытай стилінде. Жоғары қабатта қалаға көрінісі бар мейрамхана рәсімделген. Сонымен қатар,стилді бассейн және отель қызметшілеріне автокөліктерді парковкалаудың тегін қызметі бар. Әр дыбысизолирленген нөмірде және Beijing Palace Soluxe Astana отелінде жалпақ экранды теледидар, және қонақ бұрышы бар. Мәрмәр ваннасында сіз халаттар мен дәретхана заттарын таба аласыз. Great Wall мейрамханасында гурмандар үшін қытай тағамдары сатылады. Еуропа ас үйі Madonna ас үйінде. Әр таң сайын жеңіл таңғы ас беріледі. Отель Астананың әкімшілік орталығында орналсқан. Отель министрліктер үйінен және Ақ ордадан 5 минуттық қашықтықта орналасқан. Қонақтарды Palace Soluxe спа салонында сылау жасауға шақырады, мұнда джакузи және бу моншасы бар. Бұдан басқа, жақсы жабдықталған тренажер залы бар.

(суреттер Пекин Палас қонақ үйінің ресми сайтынан алынды)

Айтпақшы, ресми сайтында «Пекин Палас» деп жазылған қонақ үй қытайлық «Хуа Йоу» компаниясына тиесілі екен. Ал «Хуа Йоу» әлемнің ең үлкен 50 мұнай компаниясының ішінде 7-орында тұрған Қытай Ұлттық мұнай компаниясының (CNPC) меншігіне кіреді.

 Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1448
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1295
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1104