Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3722 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 10:35

ҚЫРҒЫЗСТАНДА 2010 ЖЫЛҒЫ СӘУІР РЕВОЛЮЦИЯСЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бастаған үкімет мүшелері мен сәуір төңкерісі кезінде қаза тапқандардың туыстары, сол оқиғаның батырлары «Ата-Бейіт» мемориалдық кешеніндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, дұға бағыштады.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев 2010 жылы 7 сәуірде наразылық шарасына шыққан адамдарды атуға бұйрық берді. Тәртіпсіздіктер кезінде 100-ге жуық адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды. Қанды оқиға туралы сот әлі жалғасуда.

Президент Алмазбек Атамбаев халықтық Сәуір революциясының кезекті жылдығына орай мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы Қырғызстан тарихындағы 2002 жылғы 17 наурыз, 2005 жылдың 24 наурызы және 2010 жылғы 7 сәуір секілді маңызды күндердің өзара байланысын атап өтті. Оның сөзінше, бұл үш дата Қырғызстан халқының еркіндік, демократия және әділдікке ұмылған қиын да ерлікке толы жолындағы асулар боп табылады.

Алмазбек Атамбаев 7 сәуірді 17 және 24 наурыз секлді өзге тарихи күндерге қарама-қарсы қойғысы келетіндерді сынға алды.

«Бұлай деушілер іс жүзінде арандатушылар боп табылады. Олар елді солтүстік және оңтүстікке бөлгісі, халықты бірлігінен ажыратқысы және мемлекеттің дамуын тежегісі келеді. Халықта «Ит үреді, керуен көшеді» деген сөз бар. Бұл төбеттер қанша үрсе де, қырғыздың көші өз жолымен жүре береді. Халық күресте тапқан жолымен жарқын болашаққа қадам басады.», - деді ол.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1990
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2398
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1960
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575