Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Қоғам 6110 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 14:06

ҚИҚАР СӨЙЛЕГЕН ҚАРАҚҰСОВА ЕНДІ БЫЛАЙ ДЕП ЖАТЫР

Қиқар сөйлеп, халықтың әм әлеуметтік желінің наразылығын тудырған депутат Қарақұсова ханым дауға айналған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жақында Мәжілістің алтыншы шақырылымының депутаты Гүлжан Қарақұсова ханым Астанадағы ең қымбат қонақ үйде тұрып жатқан өз әріптестерін жақтап, журналистерге жекіп сөйлегенін жазған едік (http://abai.kz/post/view?id=7448).

Ескі әм жаңа депутат Қарақұсова ханым әлеуметтік желілерге мүлде кірмейтінін айтып, сол бір даулы интервьюдің қандай жағдайда алынғанын түсіндіріпті.

«Маған 40 адам келіп, сұрақтарын қоя бастады. Журналистер де заңды білгенін қалаймын. Адам қай жерде жұмыс істесе де, соған сәйкес қамтамасыз етілуі керек. Себебі: биліктің барлық саласы - мемлекеттің бейнесі. Бізге іссапармен келген шетелдік бір лауазымды адам таңғы асымыздан дәм татқысы келсе не болады? Ол қайда келуі мүмкін екенін елестетіп көріңіз. Сондықтан әр мемлекет өз өкілдеріне сәйкес деңгейде жағдай жасайды. Себебі ол адам ғана емес, ол сонымен қатар депутат, мемлекеттің өкілі", - деп мәлімдеді Қарақұсова тілшімен телефон арқылы әңгімесінде.

"Биліктің заңнама салалары басқа меморгандар секілді "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңмен өмір сүреді, біз таңдау жасауға құқылы емеспіз. Қаңтарда тендер жарияланды, қатысқысы келгендер өтініш берді. Кейін құзырлы органдарға тендер өткізілді, "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы бойынша ең арзаны таңдалады. Ең арзанын "Бейжің сарайы" болып табылды. Тәулігіне 29 мың теңге", - деді депутат.

Қарақұсованың пікірінше, депутаттардың қонақүйде тұруын талқылау әлеуметтік желілерден басталған. "Барлық соңғы қақтығыс әлеуметтік желілерде басталды. Әлеуметтік желілерде біздің мемлекетімізге қарсы жұмыс істеп, ақша табатын адамдар да отырады. Сайлау болмай жатып, 15 наурызда әлеуметтік желілерде депутаттарға 120 мың теңгелік бөлмелер беруді жоспарлап жатыр деген шу шықты, тендер ол кезде өткізілмеген де еді", - деді мәжілісмен.

Айтуынша, оның дауға ұласқан пікірі мәтін арасынан алынған екіұшты сөз. "Логика бойынша бұл сұрақ депутаттарға емес, парламент аппаратына қойылуы керек", - деді ол.

Ал Қарақұсованың бұрынғы әріптесі Айгүл Соловьева пікір білдіріп, Қарақұсованың неліктен бұлай жауап бергенін түсінбегендігін айтқан.

«Шынымды айтсам мен де аңтарылып қалдым. Ол коммитеттің төрайымы және маңызды бір жиыннан шыққан болуы керек. Негізінде ол ашық әрі ақкөңіл адам»,-дейді Айгүл Соловьева ханым.

Экс-депутат Соловьева Гүлжан Қарақұсованың тілшілерге берген сұхбатының алдында коллекторлық қызмет туралы заң жобасын қорғаған болуы мүмкін екендігін айтты.

«Бұл сөздер адамдарға қатысты дұрыс айтылмады. Әрбір адам жұмыс істейді, шахтер де, қалғандары да. Сондықтан депутаттың мұндай сөздері, меніңше, дұрыс емес», – деп атап өтті экс-депутат.

Депутат Гүлжан ханым биыл 66 жасқа толады. Мәжілістегі міндеті – қаржы және бюджет комитетін басқару. Өзі ұстаз болған, экономика ғылымының докторы. 2007 жылдан бастап билік партиясының қатырына қосылыпты.

Президенттің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі болған.

2001 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалған.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661