Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4696 0 пікір 13 Сәуір, 2016 сағат 11:07

ШОУ - ҚАРУСЫЗ БОДАН ҚЫЛУДЫҢ ТӘСІЛІ

Кеше ақын көкеміз Серік Тұрғынбекұлы қазіргі шоулардың баяғы Гитлердің өзге елдерді жаулап алу саясаты дегенге келтіріп әңгіме айтып еді. Рас айтады.

Қарусыз бодан қылудың бұдан бейбіт түрі жоқ шығар, бәлкім. Отандық шоуларда жүрген жұлдыздардың өзара араздықтарының өзі халықтың бірлігінің өшуіне алып келе жатқанын қалай байқамаймыз? Одан қалды, күйеуіне ғана адал болған денесін ары-бері ашып, күллі еркек кіндіктінің назарын аудартқан әртүрлі жастағы апаларымыздың тірлігі тіптен ұят. Алла жазып әке атансам ұрпағымды ұяттан жұрдай болған қазақ өнерінің ордасына аяқ аттатпақ түгілі солардың бейнесін көрсетпей, әндерін тыңдатпаймын деген ойым бар. Өйткені, есті әуендерден гөрі есер әндердің қисапсыз ел аузында хит болып жүргенін жақсы білемін. Егер осы айтқанымды орындай алмасам өзіме зұлымдық, ұрпағыма қиянат жасаған боламын деп есептедім.

Алла Тағала баршамызды өз рақымына алсын!

Ермұрат Назарұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір