Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3400 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 09:03

Норвегия соты Брейвиктің құқығы бұзылған деп таныды

Норвегия соты билік адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Андерс Брейвикке адамгершілікпен қарамай, оның адами абыройын сыйламай құқығын бұзды деп таныды.

Брейвик наурыз айында норвегиялық билікті Адам құқықтары және олардың бостандығын қорғау жөніндегі Еуропалық конвенцияның ережелерін бұзып отыр деп сотқа шағымданған болатын. Ол билік өзін түрмеде оқшаулап ұстауға тиісті емес деп санайды.

Сот Брейвиктің арызының жартысын қанағаттандырмады. Билік оның жеке өмірі мен отбасылық өміріне қол сұқпады деген қаулы шығарды.

Сот Брейвиктің өтінішін жартылай қанағаттандырып, оған 331 мың норвегиялық крон (40 мың доллар) өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.

2011 жылы Брейвик Ослода жарылыс ұйымдастырған. Осыдан кейін жастар лагерінде оқ атып, кем дегенде 77 адам қайтыс болды. Бұл Норвегия тарихында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған қанды оқиға болатын. Брейвик 21 жылға бас бостандығынан айырылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2069
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608