Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3900 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 05:54

Қостанайда 31 мамыр, жексенбі күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтеді

Қостанай. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қостанайда 31 мамыр күні, жексенбіде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Сергей Кулагин, соғыс және еңбек ардагерлері, репрессия құрбандарының туыстары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, кәсіподақтардың, жастар ұйымдарының өкілдері, ЖОО ректорлары мен студенттері қатысады.

Біздің республика миллиондаған кеңестік азаматтардың депортация орны болғаны тарихтан белгілі. Тұтастай халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. 1936 жылдан 1956 жылға дейін Қазақстанда тоталитарлық режимнің жазалаушы жүйесіне ГУЛАГ жүйесінің 11 лагері және 953 лагерь-мекен қызмет етті.

Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жер аударылды. Бұл жерге қырым татарлары, түірктер, гректер, қалмақтар мен басқалар өз еркілерімен келген жоқ. Сол кездері барлығы 1,5 млн адам жер аударылды.

Тек қана Қазақстанның өзінде 1937-38 жылдары заңсыз 100 мың адам сотталып, олардың 25 мыңдайы атылып кетті. Мыңдай қостанайлықтар заңсыздық құрбаны болды.

Қазақтың көрнеткті ғылым және мәдениет қайраткерлері - Беймібет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Ильяс Жансүгіров, Алихан Бөкейханов пен басқаларды  лагерлерде өлтірді.

Алғашқылардың бірі болып АЛАШ қоғалысының жетекшілері қуғын-сүргінге душар болды, олардың арасында қостанайлықтар - Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Байқадам Қаралдин бар еді.

0 пікір