Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3664 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 09:06

Обама Парсы шығанағы Иракка көмектеседі деген үмітте

АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабия мен Парсы шығанағы елдерін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресуде және соғыстан кейінгі Иракты қалпына келтіруде белсенділік танытуға шақырды.

Эр-Риядқа сапары барысында Обама Сауд Арабия королі Салманмен оның сарайында жеке кездесу өткізді.

Бүгін басталатын Парсы шығанағы елдерінің конференциясына қатысуға келген АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер аталған елдердің лидерлері мен қорғаныс министрлерін Иракты саяси және экономикалық қолдауға шақырды. Бұл кезедсуге Сауд Арабия, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман және Катар елдерінің басшылары қатысады. Пентагон басшысы АҚШ Иранның қатеріне қарсы Парсы шығанағы елдерімен бірге болатынын нақтылады.

АҚШ президенті Барак Обама тақ мұрагері Әбу-Даби шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян ханзадамен де кездесті. Обама мен ханзада Йемендегі жағдайды реттеуге және Ливияның жаңа үкіметіне халықаралық қолдау көрсетуге уағдаласты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609