Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Мәйекті 5300 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 17:15

РЕСЕЙ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРЫН БІЗГЕ КҮШТЕП ӨТКІЗБЕК ПЕ?

Мәскеу енді Қазақстаннан қарулы күштердің активіне қару-жарақ жеткізу үшін кебір шектеулерді алып тастауды талап етті, - деп жазады "КоммерсантЪ" басылымы.


Жақында Ресей Федерациясының экономика министрлігі Қазақстан Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) жоғарыдағы талаптар бойынша шағым түсіріп, қарсылық нотасын жолдапты.

РФ Экономика министрлігі келтірген деректерге сүйенсек, Қазақстан Үкіметі қойып отырған шектеулерден Ресей тарабы миллиард долларға жуық шығынға батуы мүмкін екен. ЕАЭО келісімдері бойынша Мемлекеттік әскери сатып алулар формалды түрде ашық болғанымен, іс жүзінде мұндай сатып алуларға тек жергілікті Үкіметтің қатысуымен ғана рұқсат етіледі.

«Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одақ келісімдерінің ережелерінің өрескел бұзылуына алаңдаушылық білдіреді. Бұл – Экономикалық Одақ аясындағы келісімшарттар негізінде 2 жыл көлемінде Мемлекеттік сатып алуларға қатысуға және шығуға рұқсат етіледі деген сөз. Ал Қазақстан Үкіметі қабылдаған жаңа Заң жобасында бұл мерзімсіз деп өзгертілген. Оның үстіне Қазақстан Үкіметі мұндай Заң жобасының енгізілетінін ескерткен жоқ. Біздің айтып отырғанымыз - ашық тапсырыс. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аталған елдердің қорғасын саласындағы Мемлекеттік сатып алуларға еркін қатысуы тиіс болған. Ал Қазақстан тарабы мұндай сатып алуларға шектеу қойып отыр.», - делінген РФ Экономика министрлігінің хатында.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстары екі түрде жүргізіледі: Біріншісі ашық тапсырыс – зат, тауар, азық-түлік тасымалдау. Екіншісі  жабық тапсырыс – құпияландырылған тауарлар, жұмыс және түрлі қызмет түрлері.

ЕЭК келтірген ресми деректерге сүйенсек, былтырғы жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қорғаныс саласындағы сатып алулардың жалпы көлемі – 125,5 миллиард долларды құрапты. Оның 114 миллиард доллары Ресейдің ұпайына жазылса, 9,2 миллиард доллары Қазақстанға тиесілі. Бар болғаны 700 миллион доллар – ЕАЭО-ның өзге де мүшелерінің айналымына жазылыпты.

2015 жылғы деректер бойынша Қазақстан Қарулы күштері Ресейден 4 көп функционалды Су-30СМ жойғыш (истребитель) сатып алған екен ( құны - 5 миллиард рубль).Сонымен қатар, тағы 8 әскери машина тапсырыс беріпті (құны - 10 миллиард рубль).

Ресейлік басылымның жазуынша ҚҚК 2020 жылға қарай мұндай әскери көліктердің қатарын 32-36 көлікпен толықтырмақ екен.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1389
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 966
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1052