Сәрсенбі, 8 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 704. Жазылғандар — 51. Қайтыс болғандар — 6
Жаңалықтар 2217 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:52

Қырғызстанның СІМ қызметін депутаттық комиссия тексермек

Жоғорку Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті республиканың СІМ мен дипломаттар туралы шулы мәліметтерді тексеру үшін депутаттық комиссия құрды.

Комиссия мүшесі, депутат Әбдіуахаб Нұрбаев комиссияның туризмге байланысты Қазақстанда өткен жиындытастап кеткен дипломаттың қылығы мен Қырғызстанның Пәкістандағы елшілігінде істейтін бірқатар қызметкердің өкілеттігін тексеретінін хабарлады. Одан бөлек, депутаттар ҚР СІМ-нің АҚШ мемлекеттік департаментінің әлемдегі адам құқығы туралы есебіне қатысты білдірген пікірін де қарастырмақ. Бұған дейін бірқатар үкіметтік емес ұйым жетекшілері СІМ басшысы Ерлан Абыдлдаевты есеп туралы тым дөрекі сөздері үшін қызметтен кетуге үндеген.

Көкек айының ортасында жарияланған АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқығы туралы есебінде Қырғызстан құқық қорғау органдарын адамды негізсіз қамауға алып, қорқытып-үркітумен және боспалаумен, шабуыл жасаумен, қысым көрсетумен, қуғындаумен айналысатынын айтып айыптаған еді.

Бұған жауап ретінде қырғыз сыртқы істер министрлігі есепті қате деп тауып, оның кей тұстарын ашықтан ашық билікке қарсы шақырудан, саяси астардан тұратынын мәлімдеген Одан бөлек, Қырғызстан АҚШ мемлекеттік департаментінің Қырғызстан туралы баяндамасын «саяси астарға ие, еш негізсіз және қазіргі саяси жүйеге қысым көрсетудің және саяси бопсалаудың әрекеті ретінде» сипаттаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір