Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3398 0 пікір 21 Маусым, 2010 сағат 03:08

«Құлыным» журналының тұсауы кесілді

Маусым айының басындағы алғашқы  жексенбі  күні Астана мен Көкшетау қалаларының тұрғындары, шығармашылық қауым өкілдері, әр салада жұмыс істейтін қызметкерлер және барлық облыстардан келген атбегілер мен ұлттық спортты жанашырларының қатысуымен «Астана -Көкшетау» автобанының бойында Астана қаласынан 6 шақырым жерде тұрғызылған Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге салынған ескерткіштің ашылу рәсімі және әдеби -танымдық, балаларға арналған «Құлыным» журналының тұсаукесері өтті.

«Құлыным» журналы аты айтып тұрғандай біздің ағайындар ұрпағын: қариялар немересін, анасы баласын еркелетіп «Құлыным»  деп атаған. Журнал балаларға ұлттық тәрбие беруді, атадан келе жатқан дәстүрімізді, салтымызды, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп дәріптеуді насихаттайды. Журнал 8 жас пен 16 жас аралығындағы балаларға арналған.

Осы тойда келген қонақтарға «Құлыным» журналының тұңғыш нөмірі таратылып, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  осы журналдың бас редакторы Сәдібек Түгел журналдың алға қойған мақсаты мен міндеті туралы баяндап берді. Тойға келген балалар мен қонақтардың алдында мінберге шығып: атақты атбегі, Социалистік Еңбек Ері ,Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым Бошай Кітапбаев,  академик, еліміздің танымал жазушысы Тұрсынбек Кәкішев, ақын Нұрқожа Ораз,  жазушы Сәбит Досанов,   Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиев «Құлыным» журналына ақ жол, сәт сапар тілеп журналдың ашылуымен құттықтады. Академик Тұрсынбек Кәкішев журналға ақ батасын берді.

Журналдың алғашқы нөмірінде, балалар арасында ұлттық спортты дамытуға ерекше мән беріп, үлкен нәтижелерге жетіп жүрген Батыс  Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының және Орал қаласындағы  ұлттық спорт мектебінің  игі істері туралы материалдар жарияланған.

Журналдың бастамасымен, журналдың Кубогына арналған Республикалық  «Тай жарыс» бәйгесін өткізу ережесі мен жылқының жасын айыру, тағы басқа жылқыға байланысты материалдар жарияланған.

Альберт Мурсалимов  - «Құлыным» журналының шеф-редакторы

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 18/1

282605

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1400
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1232
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 988
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1065