Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2972 0 пікір 20 Маусым, 2010 сағат 09:28

Назарбаев қазақ-түрік «Астана - махаббатым менің» атты телефилімінің премьералық көрсетілімімен танысты

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залында өткен «Астана - махаббатым менің» атты қазақ-түрік 12 сериялы телевизиялық көркем фильмнің тұсаукесеріне қатысты, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тұсаукесер рәсімін ашқан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан экономикалық өрлеуге қол жеткізуінің нәтижесінде осындай ауқымды шығармашылық жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер туып отырғанына назар аударды.

Картинаның режиссері Ермек Шынарбаев фильмге түскен қазақ және түрік киносының актерлері: Бахар Акча, Әділ Ахметов, Жанна Қуанышева, Гүлнар Досматова, Эрман Бурмали, Эрдал Джиндорукті және өзгелерді таныстырды.

Басты рөлді сомдаған түрік актрисасы Б.Акча киноға түсу барысында өзінің әсем қала Астанамен, Қазақстанның тамаша адамдарымен танысу бақытына ие болғанын айтты. Әсіресе, Мемлекет басшысымен кездесуі оның жадында сақталып қалыпты.

«Бізде Түркияда Сізді түркі әлемінің көшбасшысы - қазақтың Ататүркі деп санайды. Құпиялау болса да бір жағымды жаңалықты айтқым келеді - таяуда Түркияда Сізге ескерткіш орнатылады. Біз Сіздің өзіңізді мақтағанды ұнатпайтыныңызды білеміз, алайда бұл Сізді қадірлейтін және құрмет тұтатын барлық түріктердің шын жүректерінен шығып отыр, - деді Мемлекет басшысына қаратып Бахар Акча, деп Ақ орданың ресми сайты жазады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1422
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1258
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1079