Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4356 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 15:48

Қ.Бишімбаев - ҚР ұлттық экономика министрі

Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл мәліметті "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметіндегілер растады. Бұл жерде Бишімбаев 2013 жылдан бері басшылық етіп келеді. 

Холдингтің басшысы болғанға дейін ол екі жыл бойында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметінде еді. 2010-2011 жылдары экономикалық даму және сауда вице-министрі болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті көмекшісі болды. Мұнымен бірге, 2007 жылы индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарған.

Абай-ақпарат

0 пікір