Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5824 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 18:08

ДӘУРЕН АБАЕВ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңадан құрылған ҚР Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне Дәурен Абаев тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.


«Д.Ә. Абаевты Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

 

Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                       Н.Назарбаев

 

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  6 мамыр

                       №  254

Министрлік ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі бала тәрбиелейді.

Abai.kz

0 пікір