Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7931 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 18:20

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  ҚР Ауылшаруашылығы министрі лауазымына Мырзахметов Асқар Исабекұлын  тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.


Асқар Исабекұлы Мырзахметов (1 қазан 1962 жыл) - Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988).

Қызмет жолы

  • 1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
  • 1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.
  • 1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.
  • 1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.
  • 1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.
  • 2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.
  • 2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі.
  • 2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
  • 2009 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  • 2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

0 пікір