Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3161 0 пікір 13 Мамыр, 2016 сағат 09:52

Армения мен Әзірбайжан президенттері кездеседі

Таяуда күрт шиеленіскен Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армения президенті Серж Саргсян мен Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиев ЕҚЫҰ араағайындық етуімен 16 мамырда Венада кезеседі.

«Неміс толқынының» хабарлауынша, РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин осындай кездесудің дайындалып жатқанын және онда қарабақ мәселесін реттеу талқыланатынын айтқан. Оның сөзінше, Венадағы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Ресей мен Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров және Жан-Марк Эйро қатысады.

Үш дипломат Венаға Сириядағы жағдайды талқылауға келеді. Ресей, Франция және АҚШ ЕҚЫҰ-ның Таулы Қарабақ мәселесін реттеу туралы Минскілік тобының тең төрағалары боп табылады.

Минск тобының 12 мамырда жарияланған мәлімдемесінде үш елдің сыртқы істер басшыларының Армения мен Әзірбайжан арасындағы өзара сенімді алпына келтіретін және оқ атуды тоқтатуды көздейтін кездесуді ұйымдастыруға атсалысуға дайын екені туралы айтылды. Құжатта қарабақ мәселесін әскери әдіспен шешу жолының жоқтығы жайлы және зорлық-зомбылық тыйылмаса келіссөздерден нәтиже болмайтыны туралы жазылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2179
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2578
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1676