Жұма, 26 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4708 0 пікір 13 Мамыр, 2016 сағат 13:42

BBC 10 ЖЫЛ БҰРЫН БАЙҚАУСЫЗДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ БӨТЕН АДАМДЫ ШЫҒАРЫП ЖІБЕРГЕН

10 жыл бұрын жұмыссыз Гай Гома Лондонның батысында орналасқан ВВС телеорталығына IT-маманы ретінде әңгімелесуге шақырылған болатын. Осы кезде арнайы күту бөлмесінде студияға келіп тікелей эфирде Apple мен Битлз әуендерін иеденетін Apple студиясы арасындағы болып жатқан сот процесіне қатысты өз ойын білдіру үшін интернет эксперті Гай Кевни дайындалып отырған болатын. 

 
Сол кезде Гай Кевниді күту бөлмесінен шақырып келуге тиісті телестудия қызметкерінің қате нұсқауымен олар сарапшыны басқа жерден іздей бастаған екен. Ал оның отырған жерін сұраған кісіге әкімшілік қызметкері сенімді түрде әрі бірнеше рет Гай Гоманы нұсқаған. Алайда телестудия қызметкері Гай Кьюниді фотосуреттен көріп, оның аққұба әрі бойы аласа екендігін білетін еді. Бірақ уақыттың тығыз болуына байланысты, ол өзін қателескен шығармын деп ойлап, конголық жігітті студияға тікелей эфирге шығарып салады.

Одан сәл уақыт бұрын ол қонақтан: «Сіздің атыңыз шынымен де Гай ма?» деп те сұрап алады. Ал Гома болса оған: «Дәл солай» деп жауап қатып, осыдан кейін қызметкер оның дәл сол қонақ екеніне түпкілікті сенеді.
Осылайша ол Гай Гоманы BBC News 24 студиясына алып келеді. Оған асықпай, макияж жасап, телекамера алдына отырғызып, микрофондарын да бекітіп береді. Біраздан соң тікелей эфир де басталып, жаңалықтар жүргізушісі Карен Боуэрман көрермендерге Гоманы интернет-технологиялар саласындағы сарапшы Гай Кевни деп таныстырған мезетте ғана, Гома үлкен қателіктің орын алғанына көзі жетіп, біраз уақыт сөзге келе алмай қалады. Оның осы сәттегі түрі де кадрда анық байқалады. Бірақ соған қарамастан, ол өзінің француздық акцентімен араласқан ағылшын тілінде Apple Corps пен Apple Studio арасындағы сот ісіне байланысты және оның салдары музыкалық индустарияға қалай әсер ететіндігі жөніндегі өзіне қойылған сұрақтарға шамасы келгенше жауап беріп, "сарапшы" рөлін сәтті орындап шығады. 

Егер аталған видеода Гай Гоманың таңқалысы көрсетілген кадрды есепке алмайтын болсақ, интервьюдің шынайы болғанына Кевниді жақын танымайтындардан басқалары еш күмән келтірмейтін шығар. Ал Кьюнидің өзі болса күту бөлмесінде отырып, «өзін» теледидардан көріп, есінен танып қала жаздапты.

Айта кету керек, Гай Гома өзінің атышулы интервьюінен қырық минут өткеннен кейін он минутқа созылған әңгімелесуге шақырылып (негізгі мамандығы бойынша), алайда оның қорытындысы бойынша Гай жұмысқа қабылданбаған көрінеді. Әйтсе де, Гома осы оқиғадан кейін әртүрлі телешоулардың («Джонатан Росспен бірге жұманың кеші», «Prince’s Trust», Channel 4, CNN, BBC World News т.б) жұлдызына айналып шыға келді. Назарларыңызға интервьюдің видео нұсқасын ұсынамыз:

Дереккөзі: kaznews.mn

Abai.kz

 

 

0 пікір