Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 18 Маусым, 2010 сағат 11:46

АзияУниверсалБанкін мемлекеттендіру оның жұмысын тұралатты, бұл Қырғызстанның бүкіл банк жүйесіне кері әсер етуі мүмкін, дейді Ұлттық банктің басшысы

Бішкек. 18 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстан Ұлттық банкінің басшылығы елдегі ірі банктердің бірі саналатын «АзияУниверсалБанкіне» (АУБ) қатысты қалыптасып отырған жағдайға алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚырТАГ тілшісі.

«Уақытша үкімет пен жұртшылық банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет, ал бұл «АзияУниверсалБанкін» мемлекеттендіруге тікелей қатысты. Күш құрылым және тергеу органдары Конституцияны қабылдау бойынша референдум қарсаңында жағдайды тұрақсыздандырып, азаматтардың арасында алаңдаушылық тудырып, референдумды өткізуге кедергі келтіруге тырысқандай сезім қалыптасады», - деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы орынбасарының м.а. Әбдімәлік Мырзаев жұма күні брифингте.

АУБ-ті мемлекеттендіру уақытша үкіметтің 7 маусымдағы декретімен жарияланған болатын, осыған байланысты «сот инстанциялары мен прокуратура органдарының шешімдерімен 16 маусымнан бастап «АУБ» мүлкі қамауға алынды, бұл банктің қызметін тұралатты».

«Бұл жағдай банк құрылымдарының бұрынғы акционерлерінің мүлік дауларына байланысты. Кезінде олардың акцияларының бақылаушы пакетін «АУБ» сатып алған. Меншік иелерінің сот даулары «АУБ» қызметіне әсер етпеуге тиіс. 36 филиалы, 50-ден аса жинақ кассасы бар, 90 мыңнан аса клиентке қызмет көрсететін банктің жұмысын тоқтату елдің банк жүйесіне түгел әсер етуі мүмкін», - деді Ә.Мырзаев.

Оның айтуынша, «процессинг орталығы «АУБ»-ке тиесілі «Элкарт» төлем карталарын ұстаушылар жалақы ала алмайды». Ә. Мырзаев «уақытша үкіметтің кейбір мүшелері бұл мәселені шешкеннің орнына «АУБ» мүлігін бөлісу процесі барысында Ұлттық банкке қысым көрсетуге тырысып» жатқанын айтты.

«Уақытша үкімет жетекшісінің орынбасары Әзімбек Бекназаров та солардың қатарында. 7 сәуірдегі оқиғалар биліктің ашық, адал түрде, халық мүддесі үшін қызмет етуіне бағытталды. Ал қазір «АУБ» айналасындағы жағдай бұрынғы схемалардың қайтадан қолданылып жатқанын, бірін айтып, басқаша істейтіндерін көрсетіп отыр», - деді Ә. Мырзаев.

Оның пікірінше, «АУБ» жағдайы азаматтардың, шетелдік инвесторлардың ұлттық банк жүйесіне деген сенімін жоғалтуға алып келуі мүмкін».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1408
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1241
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067