Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2578 0 пікір 17 Маусым, 2010 сағат 08:16

Қырғызстан басшылығы Ыстықкөлдегі Қазақстан меншігіндегі пансионаттарды мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр

Бішкек. 17 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстан басшылығы Ыстықкөлдегі Қазақстан меншігіндегі пансионаттарды  мемлекеттендіруді жоспарлап отыр, деп мәлім етті Қырғызстан уақытша үкіметі басшысының міндеттерін атқарушы, күш құрылымдарының жетекшісі Әділбек Бекназаров.

«Егер заңсыз сатып алынған меншікті мемлекеттендірсек, неліктен біз бұрынғы билік Қазақстан республикасына беріп жіберген 4 пансионатты мемлекет меншігіне неге қайтармасқа?», - деді Ә. Бекназаров бейсенбі күні баспасөз брифингте.

Меншікті мемлекеттендіру туралы айтқан Ә. Бекназаров ел билігі Марат Бәкиевтің иелігінде болған «Каприз» пансионатын, «Алан Сервис» мұнай компаниясын, «Континент» полиграфиялық компаниясын мемлекеттендіретінін жеткізді.

Ол Қазақстан басшылығының қырғызстан-қазақстан шекарасында бизнесмендердің жүктерін өткізбей жатқанына қатысты позициясын сынға алды.

«Біз Қырғызстанға Қазақстан арқылы жүк транзитін реттеу жөніндені жұмыс топтарын құрдық, алайда бұл мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ», - деді Ә. Бекназаров. Сондай-ақ, Ә. Бекназаров Қырғызстанның оңтүстігіндегі жағдайды реттеуге Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың елеулі үлес қосқанын атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1408
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1241
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067