Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2244 0 пікір 17 Маусым, 2010 сағат 08:03

Парламент автокөліктер үшін техникалық стандарттарды халықаралық стандарттармен әмбебаптандыруды қарастыратын келісімдерді ратификациялады

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент сенаты бейсенбі күні кеңейтілген отырысында Қазақстанның дөңгелекті көлік құралдарын жүйелі түрде техникалық байқау үшін бірыңғай шарттарды қабылдау және оларды өзара мойындау туралы келісімдерді ратификациялауын мақұлдады.

Қазақстанның аталған келісімді ратификациялауы автокөлікті техникалық байқауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуге, осылайша, оған сапалы диагностика жасауға мүмкіндік береді.

Құжат оған қатысушы мемлекеттердің автокөлік байқау нәтижелерін өзара мойындауын қарастырады. Қазіргі уақытта келісімге 27 еуропалық мемлекет қосылды.

Сенат осы салада Қазақстанның тағы бір келісімді ратификациялауын мақұлдады, ол автокөліктерге техникалық талаптарды еуропалық талаптармен сәйкестендіруді қарастырады.

Келісімдерге қосылу ТМД елдерінің жол-көлік кешенін халықаралық жүйеге интеграциялау қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636