Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4337 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 09:51

ҚАЗАҚТЫ ДІН ҒАНА ҚҰТҚАРА МА?

Тәуелсіздік күні достар болып "Құнанбай" көркем фильмін көрдік. Жалпы ұнады. Қазақы элементтер, оралымды сөз тіркестері сүйсіндіреді.

Ер бейнелі образдар бойға рух береді. Зере әжеміздің бейнесі, Құнанбайдың тергеуге түсуі, итжеккен айдауынан құтқарылуы өте әсерлі шыққан тәрізді. Бірақ, маған кинода қоғамның діни жағына көбірек орын берілгендей көрінді. Бала Абай да кішкене болашақ ұлы Абайдың кішкентай кезін бере алмаған сияқты. Иә, фильм аяқталар тұстағы әке мен баланың өзара сұхбаты әдемі, алайда, баланың мешітке қарай жүгіруін өз басым түсіне алған жоқпын. Әлде "Қазақты дін құтқарады" дегенді айтқысы келді ме екен режиссер. Бала Абай жай ғана биік тауға өрлеп бара жатса, соның өзі үлкен мәнге ие болар еді, меніңше. Абай дүниетанымының биікке өрлеуі, оған әкесінің әсері дегендей нышандарды ишаралайды... Ал қыр астынан көрінген Алматы орталық мешіті дәстүрге сай көк күмбезді емес, сары алтын түстес... Құнанбай заманын айтпағанда, соңғы 4-5 жылда ғана қалыптасқан үрдіс бұл... "Біткен іске сыншы көп". Жалпы, қазақтың қоржыны бір киномен толықты. Биылғы жылы көрген дүниелеріміздің ішінде тарихшы Бекмаханов жөніндегі "Аманат" фильміне тең келер үздігі жоқ екендігіне тағы да көзіміз жете түсті. Осы екі ұлттық фильмде де Кенесары аты аталады. Және жақсы жағынан. Ол да болса, жас ұрпақтың рухани әлемі үшін олжа деп білемін.

Арман Әубәкір

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір