Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4009 0 пікір 22 Желтоқсан, 2015 сағат 11:19

ТӘЖІКСТАН ШЫРША МЕРЕКЕСІНЕ ТИЫМ САЛДЫ

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі білім беру орындарында жаңа жылдық шырша орнатуға тиым салды.

Мұндай бұйрыққа білім және ғылым министрі Нуриддин Саид қол қойды.

Министрліктің арнайы хабарламасында: «Оқу орындары үшін шырша кесуге, оларды орнатуға, безендіруге, фейерверктер мен пиротехниканы қолдануға, мерекелік дастархан жаюға, сыйлықтар беруге және Жаңа жылға арнап ақша жинауға тиым салынады», - делінген. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары мен студенттердің жаппай мерекелік серуенге шығуына, мейрамханалар мен өзге де орындарда тойлауына да шектеу қойылды.

Шырша мерекесін ойлаудың орнына  Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі Жаңа жылды мерекелеуге арналған шара аясында қабырға газеттерін дайындауға, мәдени және әдеби кештер ұйымдастыруға, спорт жарыстарын өткізуге кеңес береді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661