Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Абай.tv 5610 0 пікір 22 Желтоқсан, 2015 сағат 12:06

ХАКАМАДА: РФ КСРО-НЫҢ КЕБІН КИЕДІ

РФ-ның саясаткері, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, 1993-2003 жылдар аралығында РФ Мемдумасының депутаты болған Ирина Хакамада орыстың Владимир Соловьев дейтін журналисті жүргізетін телебағадарламаға қатысып, Украинадағы ахуалға қатысты көзқарасын білдіріп, ойын ашық айтты.

 

Тележүргізушінің «Демократия дегеніміз не?» - деген жалпылама сұрағына ұтымды жауап берген Ирина Хакамада Путин билігіндегі бүгінгі Ресейдің әлемнен оқшауланып, өзіне-өзі жау тауып алып жатқанын, КСРО-ның да осы кепте өмір сүріп, жанталаса қаруланудың соңында жүріп күйрегенін мысал еткен ол «Бізді алда сондай болашақ күтіп тұр. Ресей мына түрімен түбі ыдырап тынады», - дегенге саятын қауіпін білдірді. «Халық аш, ал билік болса, аш халыққа алыс-жақыннан жау тауып беріп, алдап отыр», - деді. Саясаткердің тура сөзіне уәж таппаған сыңаржақ тележурналист оны сөйлетпей, сөзін бұза беруге тырысты. Алайда, оған Хакамада қараған жоқ, айтатынын айтып салды.

Ресейде Хакамада сияқты тұлғалар аз емес. РФ-ға қарсы салынып жатқан санкциялар елдегі зиялы қауымды оятып, біріктіріп келеді.

Abai.kz   

0 пікір