Сейсенбі, 14 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 61755. Жазылғандар — 35911. Қайтыс болғандар — 375
Деп жатыр 3928 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:39

ҚЫЗДЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ҚҰНЫ 450 ДОЛЛАР

Тәжікстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері Исфара тұрғынынан қыздығын қалпына келтіргені үшін сыйақы алды деген күдікпен әйелдерге кеңес беруші маманды ұстады.

ІІМ   желтоқсанның 28-де өткен аптада Исфарадағы әйелдерге кеңес беру қызметінің маманы 20 жастағы жергілікті тұрғыннан қыздығын қалпына келтіргені үшін 3000 сомони (шамамен 450 АҚШ доллары) алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлады. Ақша айғақзат есебінде алынды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Қыздың пәктігі тәжік қоғамында бойжеткенді күйеуге берерде үлкен маңызға ие және отбасылық қарым-қатынастың ажырамас бөлігі боп табылады. Ресми деректерге қарағанда, былтыр республикалық сот-медицина сараптамасы орталығына Душанбе мен түрлі аудандардан бойжеткеннің пәктігін тексеру туралы 600 өтініш түскен.

Abai.kz

0 пікір