Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4043 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:49

ҚЫРҒЫЗДАР КӨРШІЛЕРІМЕН ШЕКАРАСЫН АЙҚЫНДАУДА

Қырғызстан үкіметі Өзбекстан және Тәжікстанмен арадағы шекарасын айқындау және белгілеуге қатысты келіссөздерді жандандырды.

2015 жылғы елдің сыртқы саясатын қорытындылаған баспасөз конференциясында қырғыз СІМ басшысы Эрлан Абдылдаев осылай мәлімдеді.

Ресми Бішкек ұзақ жылдар бойы көршілерімен шекара мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Келіссөздердің созылуының басты себебі шекараны айқындауда тараптардың әртүрлі жылдардағы карталарға сүйенетініне тіреледі. Қырғызстан мен Өзбекстанның шектесетін аумағы 1 мың 378 шақырымды алып жатыр, оның 320 шақырымы даулы аудан саналады. Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы - 971 шақырым, оның 471 шақырымы әлі айқындалмаған.

Абай-ақпарат

0 пікір