Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Тұлға 3652 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 11:19

ЕЛІМІЗДЕ ИНФЛЯЦИЯ13,6 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылы 10,9 пайызға, өзге тауар түрлерінің құны — 22,6 пайызға, ақылы қызмет бағасы 8,1 пайызға қымбаттаған. 
2015 жылдың басында үкімет инфляцияның жылдық мөлшері 6–8 пайыз көлемінде болады деп жоспарлаған еді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, инфляция 1,4 пайызды құрады. Алайда Қазақстан билігі теңгенің айырбас құнын еркіне жіберетінін мәлімдеген соң, девальвация әсерінен инфляция екпіні күшейген. Өткен жылдың қарашасында Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев үкіметтің Астанадағы кеңейтілген мәжілісінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция мөлшері болжанған межеден асып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді. 2014 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4 пайызды құраған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2376
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572