Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4907 0 пікір 11 Қаңтар, 2016 сағат 10:20

ҚАЗАҚ БАЙЫДЫ ДЕП КЕУДЕ СОҒУҒА ҰЯЛАМЫН

Еліміз Егемендік алғалы пәленше мәрте дамып-байыды деушілердің қаперіне: Дамыған да шығар, алайда дәл осы ширек ғасырда жоқтан бар жасаған Қытай, Сингапур, Әмірліктер, Корея, Қатар, ондаған басқа ұлттардың қасында өйтіп кеуде соғуға өз басым ұялар едім. Екіншіден, сөз болып отырған байлыққа әлдебіреу кенелсе, шенеуніктер мен туыстары болар. Бір ғана дерек: осыдан жиырма бес жыл бұрын еліміздегі ең төмен жалақы бүгінгі бағамға сәйкес 35 мың теңге еді. Бұған тегін білім алуды, жоғарғысымен бірге, денсаулық сақтауды, арзан коммуналды төлемдерді, түрлі әлеуметтік жеңілдіктерді тағы қосыңыз. Ал бүгінгі Қазақстанда ең төмен жалақы 22 мың теңге. Бұндай "дамығаннан" халыққа не пайда?

Расул Жұмалы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір