Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Деп жатыр 4735 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:20

ЛИОНЕЛЬ МЕССИ БЕСІНШІ РЕТ «АЛТЫН ДОП» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Испандық «Барселонаның» аргентианалық шабуылшысы Лионель Месси Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) «Алтын доп» иегері болды деп жазады Қазақпарат.

2015 жылдың үздік әлем футболшысына марапаты тапсыру салтанаты Цюрихтегі гала-кеш кезінде болды, деп хабарлады ТАСС.

Жаттықтырушылар мен ұлттық құрамалар капитандарының, сондай-ақ журналистердің дауыс беруінде 28 жастағы форфард өзінің клубтас әріптесі бразиялиялық Неймардан, сондай-ақ «Реал» шабулышысы португалдық Криштиану Роналдудан басым түсті.

Аргентиналыққа марапатты 2007 жылғы «Алтын доп» иегері барзилиялық Кака тапсырды.

«Бұл мен үшін ерекше сәт болды – мен сахнаға оралдым және «Алтын допты» екі жылдан кейін тағы да жеңіп алдым, бұған дейін оны Криштиану иеленген болатын. «Бес «Алтын допқа» ие болу – балалық шағымдағы арманымнан да асып түтсті, командадағы «әріптестеріме де ризамын. Мен футолды өте құштарлықпен сүйемін», – деді Месси.

Месси мен Неймар Испания чепмионатының 2014/15 маусымдағы «Барселонамен» бірге ел Кубогын және Чемпиондар лигасын, Испания мен УЕФА суперкубоктарын бөлісті, сондай-ақ желтоқсанда әлемнің клубтық чепионатының жеңімпазы болды. Аргентина құрамасымен Америка Кубогының финалына дейін барды және турнирдің үздік ойыншысы атанды.

«Алтын доп» жүлдесін 1956 жылы француздық France Football журналының редакциясы тағайындаған болатын және журналистерің сауалдамасы бойынша, Еуропаның үздік ойыншысына тапсырылады. 1991 жылдан ФИФА жыл лауреатына өз жүлдесін тапсыра бастады. 2010 және 2012 жылдарда Месси үш жыл қатарынан үздік ойыншы деп танылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678