Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4579 0 пікір 17 Қаңтар, 2016 сағат 17:32

САҒАН ҚАЖЕТ ЕМЕС СӘБИ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРЕК

Екінші баламды босанып бола сала мені сол бөлмеде (родзалда) біраз ұстады. Бір кезде толғағы қысып, уақыты тақаған бір жас келіншекті әкелді.

Ол жерде ешкім езу тартып жатпайды, алайда әлгі әйелден ерекше бір негатив есіп тұрды енді. Бір кезде акушер-гинеколог келіп:

- Күшен енді, уақыты жеткен бала шығу керек. Ол саған керек емес болса, мемлекетке керек! Сен асырамасаң да, мемлекет асырайды,-деді. Жүрегім зу етті, бәсе бір суықтық сезіп ем. Әлгі әйелді үгіттеп жатып, ішіндегі баланы әйтеуір шығарды дәрігерлер. Бала әдеттегідей жылап шықты. Адам қуанғанда және қайғырғанда жылайды емес пе?! Кей бөпелер анасымен қауышқанына, мына әлемнің есігін аман ашқанына, оны күткен кісілердің қуанышын сезгенде жылап жіберсе, ал кей сәбилер бұл әлем қаптаған қатігез кісілердің мекені екенін көргенде зар жылайды-ау. Мен сол күні ол сәбидің не үшін жылағанын түсінгендеймін.

Айсәуле Әбілдаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір