Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 12:05

ОРЫС САРБАЗЫНАН ТӘЖІК ЖҮРГІЗУШІ ӨТЕМАҚЫ АЛА АЛМАЙ ЖҮР

Өткен жылы Тәжікстанның 201- ресейлік әскери базасында түрлі қылмыстық оқиғалар орын алған.

Оның ішінде төбелес, кісі өлімі және қарулы шабуылдар болған.

Солардың бірі Куляб қаласының жүргізушісі Тахир Султонов ресейлік базаның әскери қызметкері Дмитрий Толстойдың суық қарумен жасаған шабуылынан әрең тірі қалған. Толстой Тахирдың жанбасына пышақ салып, жүргізушінің көлігін алып кетпек болған. Бірақ жүргізуші кедергі келтірген. Әскери қызметкер көліктен түсіп Тахирға тағы да 17 рет соққы беріп, өлтірмек болған. Бірақ оған жақын маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері байқап, кедергі келтірген.

Соңғы бес айдан бері Тахир өтемақы алуға тырысып келеді. Тахирдің әкесі Мулораджаб Султонов ұлынның еміне барлық жиған қаражатын жаратқан. Қарызға батқан, енді үйін кепілге қойып, ақша алуды ойлап отыр.

Султоновтардың жалғыз үміттері — сот шешімі. Жүргізушінің отбасы 400 мың рубль көлемінде өтемақы талап етеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624