Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 11717 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 12:20

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕ ТАҒЫ БІР ПЛАНЕТА АШЫЛДЫ

Калифорниялық технология институтының ғарышкерлері Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде тоғызыншы планетаны анықтаған. Оның көлемі Нептунның көлеміне сәйкес келеді екен.

Бұл жөнінде олар 19 қаңтарда жасаған баяндамаларында айтқан. Ғаламшарды әзірге "Планета Икс" деп атаған. Оны математикалық талдау жасау арқыры анықтаған. Ол Плутонның артында орналасқан екен. Онда миллиардтаған аспан денелері айналып жүреді.

Ғалымдардың есебі бойынша, жаңа ғаламшар да Күнді айналады. Көлемі Жерден 10 есе үлкен. Күннен ол планета өте қашықтықта орналасқандықтан көрінбейді. Күнді 10–20 мың жылда толық айналады екен.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында мәскеуліктер мен Жершарының солтүстік тұрғындары бірқатар қызықты ғарыштық оқиғаларды байқай алады. Атап айтқанда, Жер Күннен жақын қашықтықта өтеді, ал Шолпан Сатурнға жақындайды. Телескоп арқылы Каталин кометасын байқауға болады.

31 қаңтарда Меркурий, Венера, Сатурн, Марс пен Юпитер және оларға Ай қосылып Күн жүйесінің бір сабын түзейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2218
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625