Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3231 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 09:50

РЕСЕЙГЕ КЕЛЕТІН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 92%-ҒА КЕМІП КЕТКЕН

2015 жылы Ресейге келетін тікелей инвестиция көлемі 92%-ға азайған, бұл уақытта әлемде өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш керісінше 36%-ға өскен.

БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясы (UNCTAD) осындай дерек келтіреді. Абсолюттік өлшемде шетелдік тікелей инвестиция жаһандық көлемде 1,7 трлн долларды құраған. Бұл 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш.

АҚШ экономикасына құйылған шетелдік тікелей инвестиция 384 млрд доллар болған. Одан кейінгі орындарда Гонконг ($163 млрд) және Қытай ($136 млрд) тұр. Инвестиция тартудан Нидерланды, Ұлыбритания, Сингапур, Үндістан, Бразилия, Канада және Франция да жақсы көрсеткішке ие.

UNCTAD  сарапшылары Ресейдегі бұл көрсеткіштің күрт құлдырауын шикізат тауарлары бағасының арзандауымен түсіндіреді. Дегенмен есепте шетелдік инвесторлардың ештеңге қарамастан Ресейдің мұнай-газ саласына қаржы құюын тоқтатпай отырғаны көрсетілген.

Былтыр жазда Ресей президенті Владимир Путин 2014 жылдың қорытындысы бойынша, елге келген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 21 млрд долларға жеткенін мәлімдеді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2516
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624