Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3353 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 09:56

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТЕРРОРШЫЛАРҒА БОЛЫСТЫ ДЕП АЙЫПТАЛУДА

Қырғызстанда терроршыларға қару сатты деген күдікпен полиция офицері ұсталды.

Елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, ол қаңтардың 17-де Жалал-Абад облысында ұсталған.

Оның алдында терроризм айыбымен тұтқындалған басқа күдікті өзінен табылған қару-жарақ пен оқ-дәріні полиция қызметкерінен алғанын айтқан. Полиция офицерінің бұл әрекеті терроршыларға болысу ма, жемқорлық па, әлде оған жала жабылды ма – бұл арасын тергеу мен сот анықтайды.

Қырғызстан билігі соңғы айларда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаудың жииілеп кеткеніне алаңдап отыр. Және мұның артында «Ислам мемлекеті» радикалды тобының мүшелері тұруы мүмкін деп санайды. Бішкектің мәліметінше Сирия мен Иракта экстремистердің қатарында елдің жүздеген азаматы соғысып жатыр.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625