Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 10:00

ӨЗБЕКСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МЕН МЕССЕНДЖЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН

Sputnik басылымы жастардың «Камолот» қоғамдық қозғалысының кейбір мессенджер мен әлеуметтік желілердің жас ұрпаққа тигізетін зиянды әсерін шектеуге бағытталған жұмыс бастағанын хабарлады.

Әзірге «Камолот» кейбір әлеуметтік желілердің жұмысын шектеудің техникалық және басқа жолдарын зерттеп жатқаны белгілі болды. Атап айтқанда, қозғалыс Telegram, Facebook және «Одноклассники» қызметтеріне ерекше назар аударған.

Басылымға хабар берген дереккөз: «қазір Өзбекстан жастары арасында кең тараған бұл әлеуметтік желілерді түрлі экстремистік және террорлық топтар өз қатарына адам тарту, жастар арасында үгіт-насихат жүргізу мақсатына пайдаланып отыр. Сондықтан бұл мәселені мұқият зерттеп, дұрыс шешімін табу керек», - деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, көпшіліктің пікірін ескеру үшін түрлі сала сарапшылары жұмысқа араласады және халықаралық тәжірибені зерттейтін болады.

Қазіргі таңда Өзбекстанда көптеген тәуелсіз және оппозициялық веб-сайттар ашылмайды. «Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымы елді жыл сайын «Интернет жаулары» тізіміне қосып келеді. 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2518
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625