Жұма, 17 Мамыр 2024
Қоғам 5025 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 13:22

НЫҒМАТУЛИНГЕ ӘНШІ АҚҚУ БӘЙЖІГІТТІҢ ӨТІНІШІ

Қазақстан Республикасы 

Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Н.З.Нығматулинге.

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

​Өзіңіз жақсы білесіз, әлемдегі бар қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан! Елбасымыз – Алла бағымызға берген Н.Ә.Назарбаев. Біз қайда тусақ та қазақ болып жаралғанымыз үшін өзімізді өте бақытты санаймыз. Әрине, мынадай елі, жаңа астанасы, кемеңгер президенті бар елдің азаматы болудан асқан қандай бақ болсын!

​Президентіміздің қасынан табылып, жүктеген тапсырмаларын бұлжытпай орындап келе жатқан Сізге және Сіздің әріптестеріңізге де айтар алғысымыз шексіз.

​Кешелі бері қандас бауырларыңыз Сізге хат жазып, алыстан оралған ағайындардан да келесі шақырылымда Мәжіліс депутаты болса екен деген өтініштерін қарша боратып жатыр. Мен де сол тілектегі бауырларыңыздың бірімін. Жұбайым екеуміз де әншіміз. Өнеріміздің арқасында бала-шағамызды асырап келеміз. Үкіметтен ештеңе дәметпейміз. Ел-жұртымыз, байтақ Отанымыз - Қазақстан аман болса, бәрі жақсы болады! Мен оған кәміл сенем. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаймыз! 25 жылдағы табысымыз мол. Ең бастысы, елге ел қосылды – бір миллион қазақ келді сырттан. Олардың жалғасты келуіне Елбасы тағы жол ашты. Айтар алғысым шексіз Президентіме!

​Сондықтан, Сізден сол көпшіліктің «Шеттен келген ағайндардан да бір-екі депутат болса екен!» - деген өтінішіне баса мән берсеңіздер екен деген тілегім бар!

Құрметпен, қандасыңыз: Аққу Бәйжігіт

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2109
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625