Жұма, 17 Мамыр 2024
Деп жатыр 8619 1 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 14:37

ҚАЖЫ МАС БОЛЫП, КӨШЕДЕ ЖАЛАҢАШ ЖҮР

Әлеуметтік желіде ащы суға тойып алып, қақаған қыста тыр жалаңаш жүрген қарияның видеосы пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Аталған бейне жазбаны Мұхтар Сапаров есімді жігіт таратып «Шымкент қаласы, Шұбарсу ауылында мына шалдың істеп жүргенін қараңдар» деп пікір қалдырған.

2 минуттық видеода ауылдастар жиылып жалаңаш, өзі мас қарияны Шаймерден есімді туысынының үйіне көлікпен әкелгені және белгісіз келіншектің оқиғаның қалай болғаны баяндайды.

Ауылдастарының сөзінше ащы суға тойып алып, жалаңаш жүрген қария қажылыққа барып келген. Ол көршілерінің бірінен қарыз алып, уақытылы қайтармайды. Қарызын сұраған келіншекке дәмханада кездесіп қаржысын беремін деп уәде беріп, өзі сол жерде отырып 1 бөтелке арақ ішкен.

Ащы суға сылқия толған қарияның қалай киімсіз қалғаны белгісіз. Лыпасыз қалған азаматты ауылдастары «ой мынау біздің қажы, не деген қажы мынау?» деп шулап қарсы алғанда ақсақал ұятты жерін жасырудың орнына өзін ұялы телефонға түсіргендерге «түсіре беріңдер, анамнан өстіп тудым» деп мәз болып жүр. Алайда, қажы атанған ақсақалды туыстары қабылдамай, есіктерін жауып, ішінен іліп алды.

nur.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624