Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4323 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:38

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖҚТБ ДЕРТІНЕН 1343 АДАМ ӨЛГЕН

Қырғызстанда АҚТҚ/ЖҚТБ дертінен 20 жылда 1343 адам көз жұмды. Бұл туралы республикалық ЖҚТБ орталығының директоры Умуткан Чокморова мәлімеді.

Оның сөзінше, мұндай дертке шалдыққан алғашқы Қырғызстан азаматы 1996 жылы тіркелген. Қазір, ресми дерек бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ ауруларын жұқтырған 6 110 адам тіркелген, оған дерттен өлгендер саны да кіреді. 416 адам аурудың соңғы кезеңін бастан өткеруде. АҚТҚ/ЖҚТБ  4 061 ер және 2049 әйел адамнан анықталған. Қалған 554-і - балалар. Мамандар АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратындардың бейресми саны бұдан да көп деп топшылайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар