Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2174 0 пікір 11 Маусым, 2010 сағат 10:13

ШЫҰ елдері автомобиль және темір жолдарын бірлесе салулары керек, деп есептейді Өзбекстан президенті

Ташкент. 11 маусым. ҚазТАГ - Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер автомобиль және темір жолдарды қайта жөндеу, сондай-ақ коммуникацияның заманауй құралдарын жасау бойынша бірлескен жобаларды бастауы керек, деп Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов мәлім етті.

«Мұндай жобаларды іске асыру халықаралық қаржылық орталықтар мен демеуші-мемлекеттердің қолдауы арқасында ғана жүзеге асуы мүмкін», - деді И. Кәрімов жұма күні Ташкенттегі ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте ол «жол құрылысы мен жүктерді алмастырып тиеу халықтың көбіне жұмыс тауып беретінін» атап өтті. «Біздің барлығымыз лаңкестік кедейшіліктен, әлеуметтік қорғаусыздығынан және өршіп отырған жұмыссыздықтан орын алатынын білеміз», - деп қосты Өзбекстан президенті.

ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мүше. Бақылаушы мемлекеттер: Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан.

Ұйымның негізгі міндеттері - қатысушы мемлекеттерді біріктіретін кең ауқымды кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, лаңкестік, сепаратизм, экстремизм, есірткі трафигімен күрес, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, энергетикалық әріптестік, ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1619
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1270
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1236