Жұма, 26 Сәуір 2024
Қауіп еткеннен айтамын 9495 3 пікір 4 Ақпан, 2016 сағат 10:15

ҚАЗАҚ ҚАЗІР ҚАЛАЙ СӨЙЛЕП ЖҮР?

Әдепті,тәрбиелі мәдениетті адам-ол өзінің

                                          ана тілінде дұрыс сөйлей білетін адам.

М.Әуезов.

Қазақ тіліндегі сөздердің шала қазаққа айналып кеткен адамдардың тілінде айтылуы.

Қазақ тілі

шала қазақтың тілі

 

Ассалаумағалейкум

Уағаликум уәссалам

Сәлем

Сәлеметсіз бе?

Қайда

 Қайдан

Келе жатыр

Бара жатыр

Не істеп отырсың?

Не істеп жатырсың?

Келе алмай

Бара алмай

Сонымен

Сенімен

Менімен

Қайтадан

Сенікі

Менікі

Жататын орын

Алған,келген,қалған

Айтқан

Адасып кетсең

Бардым ғой

Бардық қой

Ұмытып кетіппіз

Баруың керек

Баруым керек

Жоқ па?

Келді ме?

Олар келді

Бардым

Автобус бұрылды

Дедім

Есептеп

Кетіп қалдым

Топырлап түсті,

Маған,

Айта сал,

Қал,

Иесі

Отыр

Же,іш

Келдің бе?

Кеттік пе?

Кеттің бе?

Жұмыртқа,

Жап

Жаба сал

Жаптың ба?

Қалайсың

Жарайсың

Балалар

Өткізіп жіберейік

Дос

Бір сағаттан кейін барамын

Дәмді

Анау-мынау

Ана жақта

Мына жақта

Бұзып тастайды

Жүргелі тұр

Жауып тұр

Күн батты

Күн шықты

Жарапазан

Көріп шығасыз ба?

Аналар

Мыналар

Тілінген тақтай

Бағасы қанша?

Алла

Орындықтың аяғы

Келме

Алғам

Қалма

Бүрсүгіні

Алдыңғы күні

Алдымызға тұрып алды

Артқы

Автобусқа отыр

Қап,қанар,дағар

Қайың

Қарағай

Үйеңкі

Қарағаш

Алма ағашы

Өрік ағашы

Екеуінің біреуі жоқ

Машинам сынып қалды

Оң аяқ,сол аяқ

Балдызым

Төрт бала

Ұл

Тостаған

Шөміш,ожау

Кесе

 

 

 

 

 

Саламалейкум (өзбекше) н/е саумайкм

Уалик,уаликм

Салам (өзбекше)

Саламатсыз ба?(өзбекше)

Қай йақта (өзбекше)ойақта,бүиақта

Қай йақтан (өзбекше)

кел атыр, кел атырық, кел атырған

бар атыр,бар атырық, бар атырған

не істеп атсың,(отсың)

не істеп жатсың

кел амай, жүр амай

бар амай, тоқтай амай, сөйлей амай

сомен

семен

мемен

қайтан

сеңкі

меңкі

жатын орын

аған, кеген, қаған

атқан

адасып атсаң

бардым ғо

бардық қо

ұмытып кетіптік

баруың керексің

баруым керекпін

жоқ па не?

келді ма не?

оларшы, келдіші

бардымшы

автобус қайрылады

дедімші

исаптап

сайдым

патырлап түсіп атыр

мағам

айта сасай

қасай

егесі

отсай

жесей,ішсей

келіп атсың ба?

Кетык па?

кетіп атсың ба?

тұқым

жау

жауа сал

жаудың ба?

қалайсын

жарайсын

балдар

жіберіп жіберейік

жора

бір сағаттан барам

дәмдірақ

анақ-мынақ

ан ақта

мын ақта

сүреді

жүрейік деп атыр

жауып атыр

күн батып атыр

шығып атыр

жарамазан

көріп шығасыңыз ба?

анадар

мынадар

кесілген ағаш

бағасы қаншадан боп атыр

аллах

орындықтың тұяғы

кеме

ағам

қама

ертен арғы күні

кешен арғы күні

маңдайымызға тұрып алды

артымғы

автобусқа мін

қалта

тал

тал

тал

тал

алманың талы

өріктін талы

біреуінің жартысы жоқ

машинам құлап қалды

ана йақ,мына йақ

қайным

үш бала,бір қыз

бала

тостақ

бақыршық

каса

 

 

Бұл сөздікті ары қарай жалғастыруға болады. Ағаштың жүздеген түрі бар. Тек қарағайдың өзінің 10-ға жуық түрі өседі. Ағаштың барлығын тал деп атау, тек ағашқа байланысты соншама сөздерді ұмытықанымызды көрсетеді. Тал – көп ағаштың бір ғана түрі. Қазіргі қазақ қазақ тіліндегі сөздердің көпшілігін ұмытқан немесе шатастырып алған. Тақтайды «кесілген ағаш» дейді. Тақтай деген сөз тілдерінде мүлдем жоқ. Кесілген ағаштың өзі басқа мағына береді.

Автобустың артқы есігі арқасы болса, соны айтып тұрған адамның арқасы артқы есігі бола ма? Немесе орындықтың аяғын – «тұяғы», Судың булануын – «терлеп атыр», Жемістің үсуін – «тоңып қалған жоқ па?» деп сұрау, халықтың тілден айрылып бара жатқанын көрсетеді. Олардың көбі тілдерін жоғалтып шала қазаққа айналып кеткен. «Автобусқа мін» дейді. Дәп бір екі аяғыңызды екі жағына салбыратып қойып мініп алатын сияқтысыз.

Алсам – асам. Дарға асам

Келсем – кесем. Пышақпен кесем

Келме – кеме. Жүзетін кеме

Қалма – қама. Тұтқында

Асығар емес – асық емес. Жіліктің асығы емес

Әріптері түсіп қалған сөздердің басқа сөзге айналып, басқаша мағына беріп тұрғанын өздері сезбейді. Бұлардың келгендеріне 20-жылдан асса да,өздерінің шала қазақтар екенін әлі түсінген жоқ. Ең өкініштісі бұлардың тілі жоқ шала қазақтар екенін түсінбей, өзіміз де «атқан, отқан» деп айта бастадық.

Мектеп мұғалімдері балаларға тіл үйрететін адамдар. Балаға тіл үйретеді деген адамның өзі балалар деген сөзді айта алмайды. «Балдар» дейді. Осындай шала қазақ мұғалімдер қаншама баланың тілін бұзды. Егер осындай шала қазақ мұғалімдерге, «тіліңді түзетпесең, ұстаздық етпейсің» деп талап қойылған болса, бұлар тілдерін баяғыда-ақ түзеген болар еді. Бұларға «тіліңді түзе» деп,әлі де ешкім айтып жатқан жоқ. Қазір шала қазақ дәрігер,шала қазақ журналист көп. Қаланың сыртындағы кейбір емханаларда ақ халатты киіп алып, «ойақ, бү йақ» – деп жүрген дәргерлер жетерлік.Қазақстанда емес,Өзбекстанда жүрген сияқтысыз.

Қазақ тілінде шығатын бір газеттің  редакциясында болдым. Мені қабылдаған журналистке «о йақ,бү йағыңыз» не, қазақша «қайда, қашан» деп айтпайсыз ба?» десем, «онда тұрған не бар, бұл түркі сөзі» деп қарап отыр. Сонда журналистің өзі түркі тілдес халықтардың бірнеше мемлекеті барын, әр мемлекетте өзінің мемлекеттік, ұлттық тілі барын білмей ме, әлде қазақ тілі,түркі тіліне жатпай ма?

Жалпы бұл ағайындардың тілдерін жоғалтып алғанын Қабдеш Жұмаділов ағамыз өзінің «Дарабоз» деген кітабында жазған. Тек ол кітапта Қабанбай батырдың аузынан айтқызады.Қабанбай батыр әскерімен қалмақтарды қуалап Ташкентке барады. Сол кезде ол жақтағы қазақтардың тілдерін көріп, «тілдері не болып кеткен» деп жағасын ұстайтын жері бар. Бұл кітап шыққанда, бұлар әлі Қазақстанға келе қоймаған. Содан бері 30-жылдан асса да, біз бұлардың тілдерін жоғалтқан қазақтар екенін түсініп жүрген жоқпыз.

Теледидардан думанды бағдарламаларда «Бері тұрсай, қасай» деп айтып жүргендер де тілді бұзушылар, яғни шала қазақтар.

Жалпы тілді бұзып сөйлегендерді қазақта екі топқа бөлген 1.Сақаулар

2. Шала қазақтар

Сақау дегеніміз – тілінде кемістігі болуына байланысты сөзді бұзып сөйлейтіндер. Ал шала қазақтар – қазақ арасына сіңген басқа ұлт өкілдерінің қазақша дұрыс сөйлей алмайтындары немесе қазақтардың жат елде өмір сүріп, өз тілін ұмытып немесе Қазақстанда тұрса да қазақ тілін білмейтін, білгісі келмейтін ортада өсіп, ана тілінен мақұрым қалып, кейін аздап үйренсе де дұрыс сөйлей алмайтындары.

Енді осы шала қазақтардың тілі, қазақтың дұрыс тілін бұза бастады. Жергілікті тұрғындардың өздері шала қазақтарға айнала бастады. Бұлар да оларға еліктеп «не істеп отсың,не істеп атсың» деп солардың тілінде сөйлей бастады.

Мысал  «Күн шығып атыр» дейді.  «Күн шығып жатыр» деп қазақ айтпайды.

Күн шыға бастады,шығып келеді, күн шықты дейді.

«Күн батып атыр». «Күн батып жатыр» демейді. Күн батып барады немесе күн батты дейді.

Біз орысша сөйлегендерді «шала қазақтар» деп жүрміз. Ол дұрыс емес. Олар сол тілде сауатты сөйлейді, сауатты жазады.Бұлар орыстанғандар.Орыстанғандардың арасынан талай ұлы адамдар шыққан (Менделеев,Тимириязев т.б). Өкініштісі сол бұлар басқа ұлттан шықса да, орыстардың ұлы адамдарына айналды. Орыстанғандар мен шала қазақтарды шатастырмау керек. Шала қазақтарда тіл жоқ. «Атқан, отқан, атсың, отсың, атыр, патыр» деп әріптері түсіп қалған сөздермен сөйлейді. «Не істеп  атсың, не істеп отсың, деп атыр, деп атқан, деп отқан». Не қазақша емес, не өзбекше емес, не орысша емес. Түсініксіз сөздер. Тілін жоғалтып алғандықтан бұлар қазақ тілінің дыбыс үндестігін де сақтамайды. «Келмейсіз ба (бе)?», «Келе ма(ме)?», «Он бес па (пе)?», «Түсті ма(ме)?, «Жүрмейсіз ба(бе)?».

Шала қазақтардың тілі жазба тілді  де бүлдіре бастады. М.Мақатаевтың 2001 – жылы шыққан кітабында «Сөніп бара  жатырмын» деген өлең жолдарын «Сөніп бар атырмын сезесің бе?»-деп жазыпты.

Қазақстанда жасалған «Тұлпар-Тальго» пойызының әр вагонының сыртына «Жатын орындар» деп сақаудың сөзін жазып қойған.

Тағы бір қызық жағдай бұлар сұраулы сөйлемнің орнына,хабарлы

«Ауырады ма?». Дұрысы: «Ауыра ма?». «Алады ма?». Дұрысы: « Ала ма?». «Ауырады, ауырмайды, алады, алмайды» деп сіз айтасыз.Түбір сөздердің де түбірін сақтамайды. Машиналар, мәшинелер бұл сөздердің түбірі сақталған.Екеуі де дұрыс.Шала қазақтың тілінде: «мәшіндер».Түбір сөзден бір әріптің түсіп қалуына байланысты жалғаулары өзгеріп кетті.

Қазақ тілін сақтап қалудың бір ғана жолы бар. Шала қазақтар өздерінің шала қазақ екенін түсініп, тілдерін түзетуге тырысулары керек.Оларға сондай талаптар қойылуы тиіс. Жергілікті халық та бұлардың тілі жоқ  топ екенін түсініп, әрпі түсіп қалған, керексіз жалғаулар жалғанған түсініксіз сөздерін үйренбеуі керек. Мектептерде, балабақшаларда жиі-жиі тәрбие сағаттарын өткізіп, тіл мәселесін қолға алу керек. Қазақ тілі Ақтаудан бастап, осы Алматыға дейінгі аралықта (бес облыста) бұзылды. Егер қазақ тілі барлық аймақта бұзылатын болса, оны қайтадан қалпына келтіру қиын болады.

Еркін Омар

Abai.kz

3 пікір