Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 5359 1 пікір 4 Ақпан, 2016 сағат 14:45

ӘЗІРБАЙЖАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСМИ ПОЗИЦИЯСЫНА НАРАЗЫ

Жақында әзірбайжандық «haqqin.az» сайтында «И.Әлиевтің жобасын қазақстандық коррупционерлер бүлдіруде» (http://haqqin.az/news/62516) деген тақырыпта көлемді мақала жариялады. Түркия мен Ресей арасындағы жанжалдарға әм үлкен саясаттағы геосаяси ахуалдарға шолу жасаған әзірбайжандық журналист Ваграм Агаджанян былайша бажайлайды. 

Түркия мен Ресей арасындағы дау қайта тұтанған соң, Әзірбайжан Республикасы Түркия мен Орталы Азия мемлекеттері үшін негізгі транспорттық дәліз рөлін атқаратыны БАҚ-та аз айталған жоқ.

Алайда жүк транзиттерін тасымалдау жұмыстарына ОА-ның кей мемлекеттеріндегі жемқорлық тосқауыл болуда.

Әзірбайжан тарапы Түркия экспортын өз территориясынан өткізуге барынша ыждахаттылық танытқанымен, Каспийдің біз жағында (Қазақстан) жемқорлық актілерінің жоғарылығы транзит дәзілінің жұмыстарын шектеуде. Осыған байланысты Әзірбайжан Қазақстанның ресми позициясына наразылық білдіруде.

Ресей Федерациясы түркиялық жүктерді өз территориясы арқылы транзиттеуге шектеу қойғаннан кейін, түркиялық тауарлар Қазақстан мен Орталық Азияға Әзірбайжан шекарасы арқылы тасымалданған болатын. Түркиялық экспорт тауарлары Әзірбайжан терриориясы арқылы өтіп, Қазақстанның Ақтау портына жеткізілуі тиіс-тін. Дәз осы транзиттік дәзіл арқылы РФ Президенті В.Путин Украина мен РФ арасында еркін сауда айналымы туралы келісімдерді бұзғаннан кейін, Украина тауарлары да ОА мемлекеттеріне жеткізілу туралы келісімдер қабылданған.

Ал қазіргі уақытта Украинадан шыққан жүктер Грузия мен Әзірбайжан территориясы арқылы өтіп, Ақтау портына жеткізілген.

Алайда жүк көліктерінің жүргізушілері мен иелері Ақтау портында кедендік бақылаудан өту қиындықтарын айтып, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары апталап созылатынына наразылық білдірген.

«Азаттық» радиосының қазақ қызметіне Қазақстан кеденіндегі бассыздықтар туралы қырғызстандық жүк көлік иелерінің бірі баяндап берген.

Мұрат есімді жүргізушінің айтуынша, Украинадан Қырғызстанға бағыт алған жүк көлігінің TIR Carnet (халықаралық жүк тасымалы кітапшасы) құжаттары болса да, Ақтау портындағы кеденшілер жүк көлігіне қосымша ақы төлеуге мәжбүрлеген.  

 «TIR Carnet құжатнамасында көрсетілгендей, егер жүік көлігіндегі тауардың жалпы сомасы 50 мың АҚШ долларынан аспайтын болса, кедендік бақылаудан еш кедергісіз өткізілуі тиіс еді. Ал менің көлігімдегі тауардың сомасы 20 мың долларды құрайды. Дегенмен, қазақстандық кеденшілер маған мемлекет территориясы арқылы өту үшін, қосымша күзет қызметін алуым тиіс дегенді айтуда. Ол үшін мен қосымша ақы төлеуім керек болады», — дейді Мұрат.

Ал «Азаттық» радиосы репортері Ақтау портындағы жағдайдың мән-жайын анықтаған. «Азаттықтың» жазуынша, Ақтау портындағы кедендік бақылау қызметінде, әрбір он жүк көлігіне бір күзет мәшинесі қарастырылған. Облыс шекарасына дейін шығарып салатын мұндай күзет құны – әр киллометрге (шақырымға) 2,5 евро тұрады-мыс.

Сондай-ақ, Кеден бекетінің басшысы Талғат Каримовтың айтуынша,  Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылдың 7 қазанында бекіткен бұйрығына сәйкес, Қазақстан территориясы арқылы Қырғызстанға өткізілетін жүк көліктері кедендік күзет қызметі арқылы ғана ел аумағына жіберіледі.

Демек, Қырғызстандық жүк көліктері иелері Қазақстан территориясы арқылы жүріп өту үшін кемінде 1000 евро қосымша төлеуге міндеттеледі.

Естеріңізде болса, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев «Жібек жолы» арқылы транзит дәзіліне қатысатын мемлекеттермен ортақ тариф орнату туралы келісімдер жасасқан болатын. Алайда Әлиев бастамасын қолдаудан Қазақстан тарапы бас тартқанға ұқсайды.

Түйін: Біздің есебіміз бойынша, биыл маусымның 12-сі мен тамыздың 4-і аралығында Ресей кеден қызметі Қазақстанға келген 150 жүк көлігінің МДП кітапшасын қабылдамай тастаған еді. Тіпті, РФ Кеден қызметі аталмыш құжатты  не себепті қабылдамағанын түсіндірген жоқ-тын. Енді Әзірбайжан мен қырғызстандық жүк көліктері Қазақстан кеденінде бақылаудан өте алмауда.

Аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1467
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1327
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125